👀Бүгін — Халықаралық кеден күні. 1953 жылы 26 қаңтарда Брюссельде Дүниежүзілік кеден ұйымының бірінші отырысы өтті. Оған бүгінгі таңда 184 мемлекет кіреді. Кеденнің негізгі міндеттері — экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, материалдық және мәдени құндылықтарды заңсыз әкетуге, қару-жарақ, есірткі заттарын әкелуге жол бермеу, контрабандаға қарсы тұру, бюджетке кедендік төлемдерді төлеу жүйесін қамтамасыз ету, азаматтар мен көлік құралдарының өтуін ұйымдастыру.
Кеденші таныстарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!
✍️Бүгін дүниежүзілік экологиялық білім күні аталып өтеді. Бүгінде әлемде экологиялық білім беру мәселесінің өзекті болғаны сонша, бұл күн жылына екі мәрте тойланады. Бірі 26 қаңтар, ал екіншісі 14 қазан. Экологиялық білім беруді дамытудың негізгі серпіні 1972 жылы БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған. Ол Стокгольм декларациясы деген атауға ие болды. Конференцияда тұрақты даму тұжырымдамасы алғаш рет талқыланды. Мұнда қоршаған ортаны қорғаудың 26 қағидасы көрсетілген.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
👈26 қаңтар — Кездейсоқ бағыттар күні. Әрбір адам айналасынан өмір жолының дұрыс бағытын көрсетіп, болашақты болжауға көмектесетін ерекше белгілерді байқай алады. Егер оларға мұқият мән беріп қарасаңыз, ұтымды мүмкіндіктерге жол ашуға болады. Бұл күні кездейсоқтыққа сенуге тырысыңыз. Бәлкім қиын жағдайдан шығудың жолын тауып, жаңа сезімдерді бастан өткересіз.
Сіз тағдырдың белгілеріне сенесіз бе?
👥26 қаңтар дүниеге келген танымал тұлғалар. 103 жыл бұрын жапондық кәсіпкер және өнертапқыш, SONY компаниясының негізін қалаушы Акио Морита (1921-1999) дүниеге келді. Морита — көптеген жапондықтың кумирі. Оның бизнеске деген көзқарасы тіпті университеттерде де зерттеліп келеді. Кәсіпкердің елеулі еңбегінің арқасында «Made in Japan» сөзі әлем бойынша жоғары сапаға кепілдік беретін тіркес болды. Сондай-ақ 76 жыл бұрын қазақ әдебиетінде әйелдер арасында алғашқы әрі жалғыз фантаст жазушы Нарбин Кенжеғұлова (1948-2022) өмірге келді. Ол “Мойылқара”, “Қиын шешім”, “Жерұйыққа саяхат”, “Қызыл сәуле”, “Тысяча одна ночь и тысяча один день” романының және басқа да кітаптардың авторы. Көптеген қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударды.
Үйде SONY техникасының қайсысы бар?