👂Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. 1945 жылы 27 қаңтар кеңес әскерлері Освенцим концлагерінің тұтқындарын азат етті. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Освенцим кезеңінде фашистердің қолынан 1,5 миллионнан 4 миллионға дейін адам қаза тапқан. Бұл күннің басты мақсаты – Холокосттың тағылымы ұрпақ жадында мәңгілік сақталып, болашақта геноцид әрекеттерден алдын алуға үлес қосу. Әлемнің көптеген елінде геноцид құрбандарын еске алуға арналған мемориалдар мен мұражайлар бар. Ал бұл жерде аза тұту рәсімдері, түрлі еске алу шаралар мен акциялар өткізіледі.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
🙏 1993 жылы 27 қаңтарда республика астанасы Алма-Ата ресми түрде Алматы болып өзгерді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қала атауының орысша емлесін тарихи қазақ емлесімен Алматыға сәйкестендіріп, қалаға астана мәртебесін берді.
😍27 қаңтар өмірге деген сүйіспеншілігі жоғары адамдар күні аталып өтеді. Мұндай жандар көп жағдайда мұңаюды білмейді. Себебі олар ерекше күш пен қуатқа ие. Сонымен қатар сүйіспеншілікке толы адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізеді. Атап айтатын болсақ, қоғамда өзіндік орнын қалыптастыра біледі, абырой мен беделі жоғары болады. Сондықтан мансап құрып, дос-жаранның көп болуы үшін ең әуелі өмірге оптимистік көзқарас қалыптастырған жөн. Психологтар оптимист болу пессимист болудан әлдеқайда пайдалы екенін дәлелдеді. Өйткені адам ауруларының көпшілігі психосоматикалық сипатқа негізделеді.
Ендеше барлық оқырманымызға оптимист болып жүруді тілейміз!
👥 27 қаңтар өмірге келген танымал тұлғалар. 268 жыл бұрын ұлы австриялық композитор және виртуоз музыкант Вольфганг Амадей Моцарт (1756-1791) дүниеге келді. Ол әлемдік музыка мәдениетіне зор үлес қосты. Сондай-ақ көптеген шығармасы керемет туынды ретінде танылды. Моцарттың өмірі мен шығармашылығы, оның ерте өмірден өтуінің құпиясы — барлық өнер түрінің суретшілері үшін жемісті тақырыпқа айналды. Өнер иесі көптеген әдебиет, драматургия және кино шығармаларының кейіпкері болды. Оның құрметіне орай 1924 жылы ашылған астероидға композитордың есімі берілді. Сонымен қатар бүгін норвегиялық биатлоншы және шаңғышы Уле-Эйнар 50 жасқа толды. Қысқы спорт түрлері бойынша танымал спортшы Олимпиададан 8 мәрте алтын медаль иеленіп, жиырма дүркін әлем чемпионы және алты дүркін әлем кубогының иегері атанды.
Қазақстандық шаңғышылардың қайсысы олимпиада чемпионы атанды?