☑️ Бүгін — Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. 1945 жылы 27 қаңтар кеңес әскерлері Освенцим концлагерінің тұтқындарын азат етті. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Освенцим өмір сүрген кезде, фашистердің қолынан 1,5 миллионнан 4 миллионға дейін адам қаза тапты. Бұл күннің басты мақсаты – Холокосттың тағылымы ұрпақ жадында мәңгілік сақталып, болашақта геноцид әрекеттерінің алдын алуға үлес қосу. Әлемнің көптеген елдерінде геноцид құрбандарын еске алуға арналған мемориалдар мен мұражайлар бар. Сондықтан бұл жерде аза тұту рәсімдері, түрлі еске алу шаралар мен акциялар өткізіледі.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
☑️ 12 жыл бұрын Ұлттық банк номиналы 50 мың теңгелік ескерткіш алтын монетаны айналымға шығарды. Бұл 2011 жылы Қазақстан Республикасында өткен 7-ші қысқы Азия ойындарына арналды. Монета 999/1000 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 1000 грамм, диаметрі – 100 мм, өңдеу – «proof», соғылуы – 145 дана.
Қалай ойлайсыз, 50 мың теңгелік қағаз ақша болуы мүмкін бе?
☑️ 27 қаңтар көңілді мерекелердің бірі — өмірге деген сүйіспеншілік күні аталып өтеді. Мұндай жандар ешқашан мұңайып жүрмейді. Олар күш пен қуатқа толы болады. Сонымен қатар көп нәрсеге қол жеткізіп, қоғамда сыйлы. Шынында да, мансап құру және достарың көп болу үшін өмірге оптимистік көзқараспен қарауды үйрену керек. Психологтар оптимист болу пессимист болудан әлдеқайда пайдалы екенін дәлелдеді. Өйткені адам ауруларының көпшілігі психосоматикалық сипатта болады.
Барлық оқырманымызға бүгін ғана емес, өмірінің соңына дейін оптимист болып жүруді тілейміз!
☑️27 қаңтар өмірге келген танымал тұлғалар. 267 жыл бұрын ұлы австриялық композитор және виртуоз музыкант — Вольфганг Амадей Моцарт (1756-1791) дүниеге келді. Ол әлемдік музыкалық мәдениетке үлкен үлес қосты. Сондай-ақ көптеген шығармасы шедевр ретінде танылды. Моцарттың өмірі мен шығармашылығының драмасы. Оның ерте қайтыс болуының құпиясы — барлық өнер түрлерінің суретшілері үшін жемісті тақырыпқа айналды. Моцарт көптеген әдебиет, драматургия және кино шығармаларының кейіпкері болды. Оның құрметіне орай 1924 жылы ашылған моцартия астероиды аталған.
Сонымен қатар бүгін норвегиялық биатлоншы және шаңғышы — Уле-Эйнар 49 жылдығын атап өтеді. Қысқы спорт түрлері бойынша танымал спортшы Олимпиададан 8 мәрте алтын медаль жеңіп алды. Әрі жиырма дүркін әлем чемпионы және алты дүркін әлем кубогының иегері атанды.
Қазақстандық шаңғышылардың қайсысы олимпиада чемпионы атанды?