«Үйде жатпа» күнтізбесі. 27 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 27 ноября, 2024


💃27 қараша — Халықаралық гитара күні. Шертпелі музыкалық аспап әлемнің әртүрлі мәдениетінде 5000 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Бүгінгі таңда гитара әрбір музыкант үшін ерекше маңызға ие. Ол эмоцияны жеткізіп, шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, музыкаға тереңдік пен ерекше атмосфера сыйлайды. Гитара әмбебап әрі қолжетімді болғандықтан, кәсіби музыканттардың ғана емес, бүкіл әлемдегі музыка әуесқойларының танымал таңдауына айналды.

 

Сізге қай аспап ұнайды: гитара немесе домбыра?

💪2020 жылдың 27 қарашасында режиссер Әділхан Ержановтың “Ұлболсын” фильмі XXIV Таллинн кинофестивалінің “Қараңғы түндер” байқауында “Үздік азиялық фильм” атанып, Азия кино өнерін дамытуға арналған NETPAC сыйлығына ие болды. Айта кету керек, Әділхан Ержанов көпшілікке азиялық “Оскар” сыйлығының иегері ретінде танымал. Фильмде шетел университетіне оқуға түсуді армандаған жас қыздың тағдыры туралы баяндалады. Алайда ол беделді адамның тоқалы болу үшін ұрланып, өмірі күрт өзгереді.

Алайда оны ұрлап, беделді адамның тоқалы болуға мәжбүрлейді.

Трейлерді мына жерден көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=8KiDrdWnboQ

🗣1895 жылы 27 қарашада Альфред Нобель өсиетіне қол қойды. Оған сәйкес, байлығының басым бөлігі Нобель сыйлығының қорына салынды. Өмір жолында оған 355 түрлі патент тиесілі болған, ал динамит — оның ең танымал жаңалығы. Ол некрологты оқығаннан кейін, оны қару сатудан пайда тапқан адам ретінде сынға алады. Бұл жағдайдан кейін ол байлығын Нобель сыйлықтарын тағайындауға арнауды шешті. Аталған сыйлық физика, химия, медицина, әдебиет саласындағы ең маңызды жетістіктер мен бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлес үшін беріледі.

👥27 қараша — атақты екі адамның туған күні. 323 жыл бұрын швед ғалымы, температураны өлшейтін шкала жасаушы Андерс Цельсий (1701-1744) дүниеге келді. Ол Ньютонның Жердің полюстерде тегістелген эллипсоид екендігі туралы теориясын растайтын 1 градустық меридианды өлшеу экспедициясының мүшесі болды. Қала берді компас инесінің ауытқуы солтүстік жарықтарының қарқындылығымен және магнетизммен өзара байланысты екенін анықтады. Сонымен қатар 84 жыл бұрын жекпе-жек өнерінде аты аңызға айналған актер Брюс Ли (1940-1973) дүниеге келді. Оның мансап жолында ойнаған 7 фильмінен кейін миллиондаған бала жекпе-жек сабақтарына жазылды. 

Спортшы бүкіл әлемге смузи мен ақуыз коктейльдерінің жасалу жолын үйрету арқылы спорттық тамақтанудың да негізін қалады. Ол қайтыс болғаннан кейін 30-дан астам фильм түсіріліп, көптеген аңыз қалды. Бүгінгі күні Брюс Ли кейіпкерінсіз бірде-бір жекпе-жек ойыны өтпейді.

 

#күнтізбе #27қараша #фильм