«Үйде жатпа» күнтізбесі. 27 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 27 ноября, 2023


🔥Бүгін жеңілдіктерді ұнататындар Кибердүйсенбі күнін атап өтеді. Бұл қара жұманың жалғасы болып табылатын маркетингтік іс-шара. Бірақ аталмыш мереке күні тек интернет дүкендері арзан бағада тауарларын ұсынады. Кибердүйсенбі де жаңа жылдық мерекелерге дайындық ретінде өткізіліп, сауда-саттық пен үлкен жеңілдіктердің ең қызу күндерінің жалғасы болып есептеледі. Көптеген қазақстандық онлайн платформалар да бұл науқанды қолдайды.

 

Барлығына сәтті сауда тілейміз! 

🎼27 қараша — Халықаралық гитара күні. Ішекті музыкалық аспап 5000 жылдан астам уақыт бойы әлемнің әртүрлі мәдениетінде қолданылып келеді. Гитара алғаш рет XIII ғасырда Испанияда пайда болды. Ол төрт жұп ішекті болды. Уақыт өте келе, гитара дамып, XVIII ғасырда алты жалғыз ішекті заманауи түрге ие болды. Бүгінгі таңда гитара әр музыканттың өнер жолында үлкен мәнге ие. Бұл музыкаға тереңдік пен атмосфера қосып, эмоциялар мен шығармашылық идеяларды білдіруге мүмкіндік береді. Оның әмбебаптығы мен қолжетімділігінің арқасында гитара кәсіби музыканттардың ғана емес, бүкіл әлемдегі музыка әуесқойларының танымал таңдауына айналды.

 

Сізге қай аспап ұнайды: гитара немесе домбыра?

👥27 қараша екі атақты адамның туған күні. 322 жыл бұрын швед ғалымы, температураны өлшейтін шкала жасаушы Андерс Цельсий (1701-1744) дүниеге келді. Ол Ньютонның Жердің полюстерде тегістелген эллипсоид екендігі туралы теориясын растайтын 1 градустық меридианды өлшеу экспедициясының мүшесі болды. Қала берді компас инесінің ауытқуы солтүстік жарықтарының қарқындылығымен және магнетизммен өзара байланысты екенін анықтады. Сонымен қатар 83 жыл бұрын жекпе-жек өнерінде аты аңызға айналған актер Брюс Ли (1940-1973) дүниеге келді. Оның мансап жолында ойнаған 7 фильмінен кейін миллиондаған бала жекпе-жек сабақтарына жазылды. Спортшы бүкіл әлемге смузи мен ақуыз коктейльдерінің жасалу жолын үйрету арқылы спорттық тамақтанудың да негізін қалады. Ол қайтыс болғаннан кейін 30-дан астам фильм түсіріліп, көптеген аңыз қалды. Бүгінгі күні Брюс Ли кейіпкерінсіз бірде-бір жекпе-жек ойыны өтпейді.