💪Бүгін — батыл шешімдер қабылдау күні. Көп адам жүрегінің түкпірінде не қалайтынын біле тұра, қорқыныш пен қоғамның таптаурын түсініктерінің жетегінде қалып, шешуші қадам жасауға жүрексінеді. Ал батыл әрі тосын шешім кейде аяқ астынан келіп, ең дұрыс нұсқа болмауы да мүмкін. Дегенмен, өмір кейде бір-ақ мүмкіндік береді, сол сәтті дер кезінде пайдалану өте маңызды. Бұл күн – өзгерістерге бастайтын үндеу болсын. Есіңізде болсын, кез келген істе өкініш сезімі орын алмас үшін оны міндетті түрде жасап көріңіз. Сабақты ине сәтімен екенін жадыңыздан шығармаңыз!
🤩1992 жылдың 27 мамырында Жамбыл облысының Шу ауданындағы Балуан Шолақ атындағы ауылда әйгілі балуан, сазгер, ақын Балуан Шолаққа (1864-1919) арналған ескерткіш ашылды. Бала күнінде қолын үсітіп, оң қолының саусақтарынан айырылса да, ол ерекше күшімен көзге түсті. Оның Севр мен Каронды жеңгені әлі күнге дейін ел аузында. Балуан Шолақ өнерден де алыс болған жоқ: ол домбыра тартып, ән салып, шығармалары “Қазақ халқының 1000 әні” жинағына енген. Сондай-ақ бала кезінен өнерге жақын болып, ән айтып, домбырада ойнады. Сәбит Мұқановтың “Балуан Шолақ” кітабында айтыскер ақынның өмір жолы жақсы баяндалған.
Сіздің қалаңызда Балуан Шолақ есімімен аталған көше не ғимараттар бар ма?
👀Бүгін балық әуесқойлары майшабақ күнін атап өтеді. Арнайы құтыға салынған майшабақтар (шпроты) алғаш рет 1890 жылы 27 мамырда Ригада пайда болды. Мұндай балықтардың дәмі тіл үйіреді. Сонымен қатар құрамында ағзаға пайдалы дәрумендер де бар. Атап айтатын болсақ, ақуыз, пайдалы май, А, В1, В2, Е дәрумендері, фосфор, хром және кальций. Ал құрамындағы аминқышқылдарының мөлшері бойынша ет өнімінен кем түспейді. Аталған өнімде жоғары калория болғандықтан, ол диета ұстап жүрген адамдарға жарамайды.
Сізге қай балық түрі ұнайды: майшабақ әлде килька?
👥27 мамырда өмірге келген атақты адамдар. Бүгін “Бәйтерек” ұлттық дәстүрлі театрының негізін қалаушы, жазушы-ғалым Мырзатай Жолдасбеков 88 жасқа толды. Оның ғылыми еңбектерінде Қытайда, Түркияда, Иранда және басқа да елдерде жарық көрген халық ақындары жырларының мағыналық сұлулығы жүйеленіп ашылған. Сондай-ақ ол түркі рунологиясы бойынша іргелі зерттеу жұмысының авторы. Осы еңбегі үшін “Күлтегін” атындағы сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар бүгін ағылшын аспазы, ресторатор және тележүргізуші Джейми Оливер 50 жас мерейтойын атап өтеді. Ол танымал аспаздық кітаптардың авторы әрі бүкіл әлем бойынша мейрамханалар желісінің иесі. Әлемдегі ең танымал аспаздың байлығы 200 миллион долларға бағаланады.
Сіз Джейми Оливердің хабарын тамашалайсыз ба?