«Үйде жатпа» күнтізбесі. 27 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 27 июня, 2023


💰27 маусым БҰҰ бастамасымен микро, шағын және орта кәсіпкерлік күні аталып өтеді. Бұл 250 адамға дейін жұмыс істейтін және кез келген елдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын компанияларға қатысты айтылып отыр. Шағын компаниялар бюрократиялық және қаржылық қиындықтарға жиі ұшырайды. Күнді өткізудегі мақсат – әлемдік көшбасшылардың назарын шағын бизнесті қолдауға шақыру. Биыл Қазақстанда шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін адамдар саны 3,5 миллион адамға дейін өсті.

 

Барлық шағын бизнес кәсіпкерлерін аталмыш мерекемен құттықтаймыз! 

🐟27 маусым — Дүниежүзілік балық аулау күні. Қазіргі уақытта дүниежүзілік өнеркәсіптік балық шаруашылығы өнімінің көлемі жыл сайын шамамен 90 млн тоннаны құрайды. Оның 90%-ға жуығы теңіздерде, қалғаны ішкі су қоймаларына тиесілі. Балық шаруашылығы әлемде 120 миллионға дейін адамды тікелей және жанама жұмыспен қамтамасыз етеді. Сондықтан балық шаруашылығы халықтың әл-ауқат мәселесін шешудің қуатты факторының біріне айналды. 

 

Балық аулауды жақсы көретін достарыңызды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз! 

🦠27 маусым — Дүниежүзілік микробиома күні. Адам ағзасындағы микробтар жасушалар санынан он есе көп әрі олардың жалпы салмағы 5 кг-ға дейін жетеді. Біздің ішіміздегі микроорганизмдер ас қорытуымыздан бастап көңіл-күйімізге дейін әсер етеді. Сонымен қатар әрбір адамда үш жасқа дейін қалыптасып, үнемі өзгеріп отыратын бірегей микробиота бар. Олар алдымен ана сүтіне түседі. Кейін өмір салты мен қоршаған орта факторларының әсерінен өзгеріске ұшырап отырады. 

 

Егер сізді микробиома тақырыбы қызықтырса, онда комментарийге жаза кетіңіз!

👥27 маусым — атақты екі адамның туған күні. Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, музыкант Байғали Серкебаев 65 жасқа толды. Ол аты аңызға айналған A’Studio тобының продюсері әрі тұрақты жетекшісі. Сонымен қатар атақты опера әншісі — Ермек Серкебаевтың ұлы. Бүгін сонымен қатар американдық актер және продюсер Тоби Магуайр 48 жасын атап өтеді. Ол Өрмекші адам трилогиясында (2002-2007) басты кейіпкерді сомдау арқылы танымал болды. Кейінірек ол «Өрмекші адам: үйге жол жоқ» (2021) фильмінде де ойнап, “Марвелдің суперқаһарман фильмінде ең ұзақ ойнаған рөлі” бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді. 

Сізге Marvel суперқаһарманынан кім ұнайды?