🙌27 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен микро, шағын және орта кәсіпорындар күні аталып өтеді. Бұл – құрамында 250 адамға дейін жұмыс істейтін компаниялар. Шағын болғанымен, олар кез келген елдің экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосады. Алайда мұндай кәсіпорындар көбіне бюрократиялық кедергілер мен қаржылай қиындықтарға тап болады. Осы күннің мақсаты – әлем елдері басшыларының назарын шағын бизнесті қолдау қажет екеніне аудару.
Биыл Қазақстанда 2,2 миллионнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Олар 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
👇27 маусым – Дүниежүзілік балықшылар күні. Қазіргі таңда әлемдік кәсіби балық аулау көлемі жылына шамамен 90 миллион тоннаны құрайды. Оның 90%-ы теңіздерден, қалғаны ішкі су айдындарынан ауланады. Балық шаруашылығы тікелей және жанама түрде 120 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл сала – халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік әл-ауқатты арттырудағы маңызды күш.
Таныс балықшыларды кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!
👀Сондай-ақ 27 маусым – Дүниежүзілік микробиом күні. Адам ағзасындағы микробтардың саны адам жасушаларынан он есе көп. Олардың жалпы салмағы 5 килограмға дейін жетуі мүмкін. Ағзамыздағы бұл микроағзалар ас қорыту жүйесінен бастап көңіл күйге дейінгі барлық процеске әсер етеді. Әр адамның микробиомы ерекше және ол үш жасқа дейін ана сүті мен табиғи факторлардың ықпалымен қалыптасады. Кейін бұл жүйе өмір салты мен қоршаған ортаға байланысты өзгеріп отырады.
Бұл күн – өзіңді ішкі әлеміңмен жақынырақ таныстыратын ерекше мүмкіндік.
👥27 маусым — атақты екі адамның туған күні. Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, музыкант Байғали Серкебаев 67 жасқа толды. Ол аты аңызға айналған A’Studio тобының продюсері әрі тұрақты жетекшісі, атақты опера әншісі Ермек Серкебаевтың ұлы. Сонымен қатар бүгін америкалық актер және продюсер Тоби Магуайр 50 жас мерейтойын атап өтеді. Ол “Өрмекші адам” трилогиясында (2002-2007) басты кейіпкерді сомдады, кейін 2021 жылы “Өрмекші адам: үйге жол жоқ” (2021) фильмінде бұл рөлді қайта ойнады. Осылайша, Марвел суперқаһармандары арасында бір кейіпкерді ең ұзақ сомдаған актер ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Сізге Marvel суперқаһарманынан кім ұнайды?