«Үйде жатпа» күнтізбесі. 27 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 27 Наурыз, 2024


🪙1930 жылы 27 наурызда Жетісуда Ақсу көтерілісі басталды. Шеру Кеңес үкіметі жүргізген ұжымдастыру саясатына жалпы халықтың жауабы ретінде ұйымдастырылды. Оның барысында дәстүрлі көшпелі қоғам үшін тиімсіз экономикалық механизм күштеп енгізілді. 7 мамырда Қытай жеріне кетуге әрекет жасаған көтерілісшілер жеңіліске ұшырады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Кеңес үкіметі жүргізген жазалау операциясы кезінде 161 адам қаза тауып, 509 адам тұтқынға түскен.

🌚27 наурызда 1961 жылы ЮНЕСКО бекіткен Дүниежүзілік театр күні тойланады. Бұл күнді сахна өнерінің майталмандары ғана емес, көрермендер де атап өтеді. Театр қойылымдары біздің дәуірімізге дейінгі 2,5 мың жыл бұрын Ежелгі Египеттен бастау алды. Сол кезден бастап театрдың комедия және трагедия жанрлары танымал болды. Бүгінде Қазақстанда әртүрлі жанрдағы 65 театр жұмыс істейді.

Сіз театрға жиі барасыз ба?

🎤2017 жылдың 27 наурызында Димаш Құдайберген “Азияның ең танымал әртісі ретінде” беделді “China Top Music Awards” сыйлығына ие болды. China Top Music Awards – ең дарынды орындаушыларға табысталатын марапат. Бұл Қытай музыкалық қауымдастығындағы ең жоғары құрмет болып есептелгендіктен, оны Қытайдың “Грэмми” сыйлығы деп те атайды.

Димаш тағы қандай марапаттарға ие болғанын білесіз бе?

👥27 наурыз дүниеге келген танымал адамдар. Бүгін америкалық режиссер, сценарист, актер және продюсер Квентин Тарантино 61 жасқа толды. Ол екі мәрте “Оскар” сыйлығын, төрт мәрте “Алтын глобус” және басқа да беделді марапаттарды иеленді. Сонымен қатар Тарантиноның фильмдері 47 номинацияға қатысып, 37 түрлі сыйлыққа ие болды. Оның алты фильмі “Барлық уақыттағы үздік 100 фильм” тізіміне енген. Сондай-ақ бүгін тайлық әнші және биші, Оңтүстік кореялық Blackpink қыздар тобының мүшесі Лиса Манобан 27 жасын атап өтеді. Өнер иесі 2021 жылы Оңтүстік Кореяда сатылу көрсеткіші бойынша рекорд жаңартқан жеке альбомын шығарды. Оның YouTube арнасындағы бейнеролигі бір күнде ең көп қаралым жинаған музыкалық бейнебаян атанды. Сонымен қатар әнші қайырымдылық шараларына белсенді түрде ат салысады.

Сізге Квентин Тарантиноның қай фильмі ұнайды?