«Үйде жатпа» күнтізбесі. 27 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 27 Наурыз, 2023


💡🪖 1930 жылы 27 наурыз Жетісуда Ақсу көтерілісі басталды. Шерудің мақсаты Кеңес өкіметі жүргізген ұжымдастыру саясатына жалпы халықтың жауабы болды. Оның барысында дәстүрлі көшпелі қоғам үшін тиімсіз экономикалық механизм күштеп енгізілді. 7 мамыр Қытай жеріне кетуге әрекет жасағанда көтерілісшілер отряды жеңіліс тапты. Кейбір мәліметтер бойынша, Кеңес өкіметі жүргізген жазалау операциясы кезінде 161 адам қаза тауып, 509 адам тұтқынға түскен. 

🧛‍♀️ Бүгін – 1961 жылы ЮНЕСКО бекіткен Дүниежүзілік театр күні. Оны сахна өнерінің майталмандары ғана емес, театр сүйер көрермендер де тойлайды. Театр қойылымдары біздің дәуірімізге дейінгі 2,5 мың жыл бұрын Ежелгі Египетте өткізілген. Сол кезден бастап екі негізгі театр жанры танымал болды. Олар – комедия және трагедия. Бүгінде Қазақстанда әртүрлі жанрдағы 65 театр жұмыс істейді.

 

Сіз театрға жиі барасыз ба? 

🎤2017 жылдың 27 наурызында Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әртісі ретінде беделді China Top Music Awards сыйлығына ие болды. China Top Music Awards – ең дарынды орындаушыларға табысталатын марапат. Бұл – Қытай музыкалық қауымдастығындағы ең жоғары құрмет болғандықтан, оны Қытайдың Грэмми марапаты деп те атайды. 

 

Димаштың тағы қандай марапаттарға ие болғанын білесіз бе?🏅

👥27 наурыз дүниеге келген танымал адамдар. Бүгін американдық режиссер, сценарист, актер және продюсер – Квентин Тарантино 60 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол екі мәрте «Оскар» сыйлығын, төрт мәрте «Алтын глобус» және басқа да беделді марапаттарды иеленді. Тарантиноның фильмдері 47 номинацияға қатысып, 37 түрлі сыйлыққа ие болды. Оның алты фильмі «Барлық уақыттың 100 үздік фильмі» тізіміне енген. 

Сондай-ақ бүгін тайлық әнші және биші, оңтүстіккореялық Blackpink қыздар тобының мүшесі – Лиза Манобан 26 жасқа толды. Ол 2021 жылы Оңтүстік Кореяда сату рекордын жаңартқан жеке альбомын шығарды. Оның YouTube бейнеролигі бір күнде ең көп қаралым жинаған музыкалық бейне болды. Сонымен қатар әнші қайырымдылық шараларына белсенді түрде қатысады.

 

Квентин Тарантиноның қай фильмі сізге ұнайды?