💻 27 сәуір — Дүниежүзілік графикалық дизайн күні аталып өтеді. Графикалық дизайнердің міндеті — сөздерді, кескіндерді, анимацияларды және дыбыстарды көпшілікке тартымды етіп жеткізу. Осының барлығы әлеуметтік желілерде, кітап макеттерінде, презентацияларда, интернет беттерінде, әртүрлі жарнамаларда бейнеленген. Сондықтан дизайнердің жұмысы көптеген салада үлкен сұранысқа ие. Бұл мамандықты меңгеру үшін сізде өзіндік талғамыңыз бен көзқарасыңыз, төзімділік және өзін-өзі сынай білу қабілетіңіз болуы қажет.
Егер таныстарыңыздың арасында дизайнерлер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🤩Бүгін байланыс қызметкерлері — Морзе әліппесі күнін атап өтеді. 1791 жылы 27 сәуірде американдық электр телеграфының өнертапқышы Сэмюэль Морзе дүниеге келді. Ол хабарламаларды ұзақ қашықтыққа жіберудің таптырмас жолын тапты. Бұл әдіске дейін адамдар барабандармен, түтінмен және семафорлық сигналдармен кодталған хабарламаларды жіберді. 1844 жылы түпнұсқалық демонстрацияда пайдаланылған сымдар мен магниттер смартфонның экрандық пернетақталарына енгізілді. Бірақ Морзе әліппесінің 21 ғасырда да маңыздылығы жоғары.
Ал сіз Морзе әліппесін білесіз бе?
😲 27 сәуір жануарларды сүйетіндер — Дүниежүзілік Тапир күнін атап өтеді. Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Америкада мекен ететін бұл сүтқоректілер жер бетінде шамамен 55 миллион жыл бойы өмір сүріп келеді. Табиғатта тапирлерді азық ететіндер — ягуарлар, қолтырауындар және анакондалар. Бірақ оларға ең негізгі қауіп адамдардан төнеді. Себебі олар еті мен терісін алып, жануарлардың табиғи мекені — ормандарды кеседі. Бұл күн осы жануарлардың жойылу көрсеткішін қалпына келтіріп, қоғам назарын оларды қорғауға шақырады.
Сіздің ойыңызша Қазақстан аумағындағы қандай
жануарлар қорғауды қажет етеді?
😄 Бүгін — памперстің пайда болған күні. 1965 жылы 27 сәуірде американдық Pampers компаниясы бір рет қолданылатын балалар жаялықтарына патент алды. Бұл тамаша идеяның авторы үш немеренің атасы, химик — Виктор Миллс. Себебі оған жөргекті жиі ауыстырып отыру, қала берді немерелерінің басқа да қажеттіліктерін өтеп отыру қиын болды. Осылайша ол нәрестеге арналған сіңіргіш бүктемелі жастықша ойлап тапты. Нәтижесінде химик үйде өз бетінше тәжірибе жасап көрді. Аталмыш идея оның данышпандығын растады. Соның арқасында бүгінде әлемдегі қанша ата-ананың өмірі жеңілдеді.
Сізге қай брендтің памперстері ұнайды?