«Үйде жатпа» күнтізбесі. 27 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 27 Сәуір, 2024


🦭Сәуір айының соңғы сенбісінде дүниежүзілік ветеринария қызметкерлері күні аталып өтеді. Қай заманда болмасын адамдар үй жануарларын ерекше бағалаған. Сондықтан ветеринар мамандығы әуел бастан жоғары құрметке ие болып келеді. Тіпті бұған балалар фильмінің кейіпкерлері дәрігер Айболит пен Дулитлге деген жанашырлық дәлел. Бүгінде Қазақстанда 15 мыңға жуық мал дәрігері жұмыс істейді. Алайда олардың саны әлі де тапшы.

Таныстарыңыздың арасында мал дәрігерлері бар болса, оларды кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🥸27 сәуір – Дүниежүзілік графикалық дизайн күні. Графикалық дизайнердің міндеті – сөздерді, кескіндерді, анимацияларды және дыбыстарды көпшілікке тартымды етіп жеткізу. Осының барлығы әлеуметтік желілерде, кітап макеттерінде, презентацияларда, интернет беттерінде, әртүрлі жарнамаларда көрініс табады. Сондықтан дизайнердің жұмысы көптеген салада үлкен сұранысқа ие. Бұл мамандықты меңгеру үшін сізде өзіндік талғамыңыз бен көзқарасыңыз, төзімділік пен өзіңізге байланысты айтылатын сынды қабылдай білу қабілеті болуы қажет. 

Егер таныстарыңыздың арасында дизайнерлер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!

 

😇Бүгін байланыс қызметкерлері “Морзе әліппесі” күнін атап өтеді. 1791 жылы 27 сәуірде америкалық электр телеграфының өнертапқышы Сэмюэль Морзе дүниеге келді. Ол хабарламаларды ұзақ қашықтыққа жіберудің таптырмас жолын ойлап тапты. Бұл әдіске дейін адамдар барабандармен, түтінмен және семафорлық сигналдармен кодталған хабарламаларды жіберді. 1844 жылы түпнұсқалық демонстрацияда пайдаланылған сымдар мен магниттер смартфонның экрандық пернетақталарына енгізілді. Бірақ Морзе әліппесінің 21 ғасырда да маңыздылығы жоғары екенін атап өткен жөн. 

 

Ал сіз Морзе әліппесін білесіз бе? 

🤩Бүгін – “памперстің” пайда болған күні. 1965 жылы 27 сәуірде америкалық Pampers компаниясы бір рет қолданылатын балалар жаялықтарына патент алды. Бұл тамаша идеяның авторы үш немеренің атасы, химик – Виктор Миллс. Себебі оған жөргекті жиі ауыстырып отыру, қала берді немерелерінің басқа да қажеттіліктерін өтеп отыру қиындық тудырды. Осылайша ол нәрестеге арналған сіңіргіш бүктемелі жастықша ойлап тапты. Нәтижесінде химик үйде өз бетінше тәжірибе жасап көрді. Аталмыш идея оның данышпандығын растады. Соның арқасында бүгінде әлемде қаншама ата-ананың өмірі жеңілдеді.

 

Сізге қай брендтің памперстері ұнайды?

 

#күнтізбе #27сәуір #морзе #памперс