👍27 сәуір – Дүниежүзілік графикалық дизайн күні. Графикалық дизайнердің міндеті — сөздерді, кескіндерді, анимацияларды және дыбыстарды көпшілікке тартымды әрі әсерлі етіп жеткізу. Бұл өнер әлеуметтік желілерде, кітаптардың беттелуінде, презентацияларда, интернет парақшаларында және түрлі жарнамалық өнімдерде көрініс табады. Сол себепті дизайнерлердің еңбегі бүгінгі таңда көптеген салада жоғары сұранысқа ие. Ал аталған мамандықты меңгеру үшін өзіндік талғам мен көзқарас, төзімділік пен еңбекқорлық болуы қажет.
Егер таныстарыңыздың арасында дизайнерлер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🙌Бүгін байланыс қызметкерлері “Морзе әліппесі” күнін атап өтеді. Себебі 1791 жылы 27 сәуірде электрлік телеграфтың атасы атанған америкалық өнертапқыш Самуэль Морзе дүниеге келген еді. Оның өнертабысы хабарламаларды үлкен қашықтыққа әп-сәтте жеткізуге мүмкіндік берді.
Оған дейін адамдар барабан соғу, түтін шығару, семафор белгісі сияқты түрлі тәсілдермен немесе дәстүрлі хат жазу арқылы байланысатын. 1844 жылы түпнұсқалық демонстрацияда пайдаланылған сымдар мен магниттер смартфонның экрандық пернетақталарына енгізілді. Бірақ Морзе әліппесінің 21 ғасырда да маңыздылығы жоғары екенін атап өткен жөн.
Ал сіз Морзе әліппесін білесіз бе?
🫢Бүгін жануарларды жақсы көретін жандар Дүниежүзілік тапир күнін атап өтеді. Тапир – Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Америкада мекендейтін, шөппен қоректенетін қызық әрі сүйкімді сүтқоректі жануар. Олар Жер бетінде шамамен 55 миллион жылдан бері өмір сүріп келеді. Табиғи ортада тапирлердің басты жаулары – ягуарлар, қолтырауындар мен анакондалар. Алайда оларға ең үлкен қауіп адамдар тарапынан төнеді. Адамдар тапирлерді еті мен терісі үшін аулайды, сондай-ақ олардың табиғи мекен ету ортасы – ормандарды жойып жатыр. Бұл күннің мақсаты – көпшіліктің назарын тапирлердің жойылып бара жатқанына аудару. Өйткені олардың жойылу қарқыны табиғи түрде көбейу мүмкіндігінен әлдеқайда жоғары.
Қазақстанда қорғауға мұқтаж қандай жануарларды білесіз?
😻Бүгін — памперстің пайда болған күні. 1965 жылы 27 сәуірде америкалық Pampers компаниясы бір рет қолданылатын балалар жаялықтарына ресми патент алды. Бұл идея химик Виктор Миллзге тиесілі. Үш немересін бағып жүрген ол, үнемі жаялық ауыстырудың қиындығын көріп, нәрестелерге арналған арнайы сіңіргіш қабатты ішкиім ойлап табады. Үй жағдайындағы алғашқы сынақтар бұл өнертабыстың қаншалықты қолайлы әрі қажет екенін дәлелдеді. Бүгінде Виктор Миллздің ойлап тапқан жөргектері әлем бойынша миллиондаған ата-ананың өмірін жеңілдетіп отыр.
Сіз қай фирманың жөргектерін ұнатасыз?