«Үйде жатпа» күнтізбесі. 27 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 27 июля, 2023


🍔Бүгін фаст-фуд әуесқойлары халықаралық гамбургер күнін атап өтеді. 1900 жылы 27 шілдеде Америкадағы азық-түлік таситын көлік иесі Луи Лессинг алғаш рет гамбургерді ойлап тауып, оны сатылымға шығарды. Гамбургер танымал фаст-фудқа айналғаннан кейін, өнертапқыш атағына басқа да үміткерлер пайда болды. Бірақ 2000 жылы АҚШ Конгресінің кітапханасы Лессингті бірінші болып сэндвич жасаған адам деп атады. Оның атауы Германияның Гамбург қаласынан шыққан. Бір деректерге сәйкес, дәл осы жерден Америкаға тағам дайындау мәзірі келді. 

Сізге қай фирманың гамбургері ұнайды? 

💫1910 жылы 27 шілдеде Орынборда «Бағбустан ханым» әйелдер медресесі ашылды. Қазақ, башқұрт, татар, қырғыз, өзбек қыздарын оқуға беретін медресе татар ұстазы, ағартушы Бағбустан Мукминованың (1884-1963) бастамасымен ашылды. 10 жыл ішінде медресені 1212 шәкірт аяқтап, 347 қыз ұстаздық білім алды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін мектеп мемлекет қарауына өтіп, 1925 жылы жабылды. Ал араға ұзақ уақыт салмай, Бағбустан Мукминова қуғын-сүргінге ұшырап, ұзақ жылдар лагерьде, қала берді айдауда болды. 

🕺27 шілде екі ғарышкеріміздің туған күні. Бүгін қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 77 жасқа толды. 1991 жылы 2 қазанда ол ғарышқа ұшып, онда 7 күн 22 сағат 13 минут болды. Сондай-ақ бүгін Қазақстанның Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов те 51 жасын атап өтеді. 2015 жылдың 2 қыркүйегі мен 12 қыркүйегі аралығында Халықаралық ғарыш станциясына көлік басқаратын ғарыш аппаратының бортинженері ретінде ғарышқа ұшты. 

 

Тағы бір қазақ ғарышкерінің есімі кім?

🥳27 шілде тегі күрделі болып келетін екі атақты актердің туған күні. Бүгін даниялық актер әрі продюсер Николай Костер-Вальдау 53 жасқа толды. Ол “Чёрный ястреб”, “Охотники за головами”, “Выстрел в пустоту” фильмдерімен және “Игра престолов” телехикаясындағы Джейме Ланнистер рөлімен танымал. Сонымен қатар бүгін ирландиялық киноактер Джонатан Рис-Майерс 46 жасын атап өтеді. Өнер иесі «Алтын глобус» сыйлығының иегері. Ол “Матч-пойнт”, “Миссия невыполнима 3” және “Из Парижа с любовью” фильмдерімен танымал.

 

Сізге қай актер ұнайды: Николай Костер-Вальдау немесе Джонатан Рис-Майерс?