«Үйде жатпа» күнтізбесі. 27 тамыз : Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 27 августа, 2024


💪2021 жылдың 27 тамызынан бастап Халықаралық бокс күні аталып өтеді. Біздің дәуірімізге дейінгі 688 жылы ежелгі Олимпиада ойындарының бағдарламасына жұдырықтасу енгізілген кезден бастап бокс спорттық жекпе-жекке айналды. Ал бокстың қазіргі түрі 18 ғасырдың басында Англияда пайда болды. 1920 жылдан бастап бокс олимпиадалық спорт түрлерінің тізіміне енді. Қазақстанда аталмыш спорт түрі ерекше қарқынмен дамып келеді. Еліміздің боксшылары әуесқойлар мен кәсіпқойлар сияқты ірі халықаралық жарыстарда үнемі жеңіске жетеді.

 

Сіздің сүйікті қазақстандық боксшыңыз кім?

😼27 тамыз — Мем күні. Интернет мәдениетіндегі “мемдер” эмоцияларды жеткізудің, әзілмен бөлісудің немесе “вирустық” жарнаманы шығарудың ерекше тәсіліне айналды. Кез келген интернет-мемнің семантикалық мазмұны белгілі бір елдің немесе ұлттың тілі мен діліне байланысты жасалады. Қазақстанда сурет астындағы ойлар мен түсініктемелерді танымал адамдар мен шенеуніктер, сондай-ақ тойда билеген қонақтар арқылы жеткізеді. 

Қазақстанда ең танымал мем қандай деп ойлайсыз?

 

👍2017 жылдың 27 тамызында «Анаға апарар жол» қазақ фильмі Хорватияның «Марко Поло» кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды. Кинодрама ХХ ғасырдың ауқымды тарихи катаклизмдері аясында Ана махаббатының күші мен өмірлік сынақтар туралы баяндайды. Бұған дейін фильм 38-ші Мәскеу халықаралық кинофестивалінде көрсетіліп, Бішкекте өткен «Ақ Илбирс» VI Ұлттық киносыйлығында «Еуразиялық көпір» халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесі мен «Орталық Азияның үздік фильмі» құрметті жүлдесін жеңіп алған болатын.

 

Егер бұл фильмді әлі тамашаламаған болсаңыз, мына сілтемеге өтіңіз: https://www.youtube.com/watch?v=fbs37J9_kig

 

👥27 тамызда өмірге келген танымал адамдар. 99 жыл бұрын алғашқы кәсіби қазақ мүсіншісі, республикадағы ұлттық монументалды өнерді жасаушылардың бірі Хақымжан Наурызбаев (1925-2009) дүниеге келді. Қазақстанның халық суретшісі — Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл ескерткіштерінің авторы. Көптеген кәсіби және мемлекеттік жүлделермен марапатталған. Сондай — ақ 96 жыл бұрын белгілі қазақ ақыны Қабдықәрім Ыдырысов (1928-1978) дүниеге келді. Оның «Өмір гүлі» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1955 жылы жарық көрді. Сонымен қатар балаларға арналған «Жасырынбақ», «Әрқашан күн сөнбесін» кітаптарының авторы. «Шуақты күн», «Армысың, Арабстан» поэтикалық жинақтарында адамдық пен адалдық, достық пен махаббат ұғымдары айтылады. Ақынның бірнеше өлеңіне ән жазылған.