«Үйде жатпа» күнтізбесі. 27 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 27 декабря, 2023


🫣27 желтоқсан БҰҰ-ның бастамасымен Халықаралық эпидемияға қарсы дайындық күні аталып өтеді. Қазіргі заманда орын алып жатқан жаһандық проблемалармен күресіп жатқанымызбен, бұл үрдістің қарқыны басылмай тұр. Мәселен, әлемдік қоғамдастық COVID-19 пандемиясының ауыр зардаптарына дайын болмағаны бәріміздің есімізде. Ал биыл қазақстандықтар қызылша мен тұмау эпидемиясынан зардап шегуде.

 

Әрқашан профилактикалық шараларды орындап жүріңіз! Өзіңізге әрдайым қамқорлық танытыңыз!

🥰27 желтоқсан көптеген елде романтикалық арбау күні тойланады. Арбау ұнататын адамыңызбен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Әр адамның бойында арбау қасиеті болады. Алайда бұған кедергі келтіретін түрлі факторлар бар. Мысалы, шешім шығара алмау, өзіне деген сенімсіздік, тәкаппарлық және ұялшақтық сынды қасиеттерді атап өтуге болады. Негізгі шектеуші нәрсе — бұл ең бірінші кемшіліктерін алға тартып, сол арқылы жеке басының қадір-қасиетін төмендететін адам. Егер сіз ішкі тосқауылдан өтіп, өзіңізге сенім артсаңыз өз мүмкіндіктеріңізге таңқалуыңыз мүмкін. 

 

Егер бір адамға сезіміңізді мойындауға ұялып жүрсеңіз, дәл бүгін ашып айтуға керемет мүмкіндік екенін еске саламыз.👍

✍️1892 жылы 27 желтоқсанда Павлодарда көпшілікке арналған тегін оқу залы бар кітапхана ашылды. Ол қалалық думаның шешімімен және 1-ші гильдия көпесі Артемий Деровтың, қаланың басқа да меценаттарының қайыр-садақасымен ашылған болатын. 1896 жылға қарай ол уездік атау алды. Кейін бұл күн кітапхананың құрылған жылы болып саналды. 1996 жылы Павлодар облыстық кітапханасына 100 жылдығына орай қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі берілді.

 

Қазақстандағы алғашқы кітапхана қай қалада ашылғанын кім біледі?

👥27 желтоқсан өмірге келген танымал тұлғалар. 120 жыл бұрын қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі, түркітанушы – ғалым Сарсен Аманжолов (1903-1958) дүниеге келді. Ол бастауыш, орта және жоғары оқу орындары үшін қазақ грамматикасы мен қазақ жазуының негіздерін (әліпби және орфография), қазақ терминологиясының негізгі принциптерін, кириллицада қазақ диалектологиясының негіздерін әзірледі. Орфографиялық және қазақ-орыс сөздіктерін құрастырды және редакциялады. Сондай-ақ бүгін француз актері Жерар Депардье 75 жас мерейтойын атап өтеді. Ол 200-ден астам фильмге түскен қазіргі заманның ең табысты актерлерінің бірі. Оның рөлдерінің ауқымы голливудтық блокбастерлер мен фестиваль шедеврлерінен бастап бюджеті төмен комедиялар мен телехикаяларға дейін қамтыды. «Оскар» сыйлығының және көптеген беделді марапаттардың иегері Шешен Республикасының құрметті азаматы.

 

Сізге Жерар Депардьенің қай фильмі ұнайды?