«Үйде жатпа» күнтізбесі. 27 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 27 Желтоқсан, 2022


☑️ Бүгін – БҰҰ бастамасымен Эпидемияға қарсы халықаралық дайындық күні аталып өтеді. Оны БҰҰ Бас Ассамблеясы 2020 жылдың қарашасында жариялады. Пандемия – бұл бүкіл әлемге таралатын кең ауқымды індет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын пандемия деп жариялады.

Джонс Хопкинс университетінің (АҚШ) мәліметінше 2021 жылдың 26 желтоқсанындағы жағдай бойынша әлемде COVID-19 инфекциясын 279 миллионнан астам адам жұқтырып, 5,3 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Әсіресе АҚШ, Үндістан, Бразилия Ұлыбритания және Ресей тұрғындары індеттен көп зардап шекті.

Әлемдік қауымдастық орын алған эпидемияға сол уақытта дайын болмады. Сол себепті осы күні түрлі іс-шаралар халықты профилактика мәселелері бойынша білімін арттыруға, адамдарға екпе салдырудың э маңызы мен қажеттілігін түсіндіреді. Сонымен қатар пандемияға қарсы күрес жөніндегі бірлескен мемлекетаралық шараларды әзірлеуге және ықтимал ұқсас аурулардың таралуын болдырмау жөніндегі қадамдарға бағытталған.

Сіз COVID-19 вакцинасын алдыңыз ба?

☑️27 желтоқсан – көптеген елде романтикалық арбау күні тойланады. Арбау – бұл ұнататын адамыңызбен байланыс орнатуға болатын тамаша әдіс. Әр адамның арбау қасиеті болады. Яғни, ер мен әйелде де. Алайда бұған кедергі келтіретін түрлі факторлар бар. Мысалы, шешім шығара алмау, өзіне деген сенімсіздік, тәкаппарлық және ұялшақтық сынды қасиеттерді айтуға болады. Негізгі шектеуші нәрсе – бұл ең бірінші кемшіліктерін алға тартып, сол арқылы жеке басының қадір-қасиетін төмендететін адам. Егер сіз ішкі тосқауылдан өтіп, өзіңізге сенсеңіз, өз мүмкіндіктеріңізге таңқалуыңыз әбден мүмкін.

Егер біреуге сезімдеріңізді мойындауға ұялып жүрсеңіз, дәл бүгін айту – тамаша себеп болып тұр.👍

☑️ 130 жыл бұрын Павлодарда көпшілікке арнлаған тегін оқу залы бар кітапхана ашылды. Ол қалалық думаның шешімімен және 1-ші гильдия көпесі Артемий Деровтың, қаланың басқа да меценаттарының қайыр-садақасымен ашылған болатын. 1896 жылға қарай ол округ атауын алды. Кейін бұл күн кітапхананың құрылған жылы болып саналды. 1996 жылы 100 жылдық мерейтойына орай Павлодар облыстық кітапханасына қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі берілді.

Қазақстанда алғашқы кітапхана қай қалада ашылғанын білесіз бе? 

☑️27 желтоқсан өмірге келген танымал тұлғалар. 119 жыл бұрын қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, түркітанушы, ғалым – Сарсен Аманжолов (1903-1958) дүниеге келді. Аманжолов жалпы тіл білімі мен қазақ тіл білімінің теория негізін қалыптастыруда А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов бастаған ғылыми жұмысты ілгері жалғастырды. Ол жазған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін оқытуды ғылыми жолға қоюға елеулі ықпал етті. Аманжолов қазіргі қолданыстағы кириллицаға негізделген қазақ жазуын жасады.Сонымен қатар халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, әдеби тіл тарихын зерттеумен айналысты. «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» деген доктор диссертациясында қазақтың әдеби тілі мен қазақ тілінің диалектілік негізін, оның қалыптасу тарихын, дамуын жан-жақты зерттеді, диалектілердің түркі тілдермен жақындығын, ру-тайпа халық тілінің байланысын, даму жүйесін анықтады. Оның бұл еңбегі қазақ диалектологиясының тіл білімінің бір саласы болып қалыптасуына негіз болды. 

Сонымен қатар бүгін 74 жылдығын француз актері – Жерар Депардье атап өтеді. Ол қазіргі таңдағы ең белгілі актерлердің бірі әрі 200-ден астам фильмдерде ойнаған. Оның рөлдерінің ауқымы өте үлкен. Нақтырақ айтсақ, Голливуд блокбастерлері мен фестиваль шедеврлерінен бастап, аз бюджетке негізделген комедиялар мен телехикаяларға дейін ойнаған. Сондай-ақ «Оскар» және басқа да беделді марапаттардың иегері. Әрі Шешенстан Республикасының Құрметті азаматы.

Сізге Жерар Депардьенің қай фильмі ұнайды?