«Үйде жатпа» күнтізбесі. 28 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 28 февраля, 2024


🥸 34 жыл бұрын «Невада – Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы пайда болды. 1989 жылы 28 ақпанда Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратына Семей ядролық полигонында радиоактивті газдардың ағуы және оның қазақстандықтар үшін қаншалықты қауіпті екенін айтқан жазушы Олжас Сүлейменовтің шақыруымен мыңдаған адам келді. Алғашқы күндері екі миллион қазақстандық ядролық сынақ полигонын жабу туралы құжатқа қол қойды. Сондай-ақ Қазақстанға АҚШ-тың Невада штатынан делегация келді. Олар бейбіт шерумен бүкіл әлемде ядролық сынақтарды тоқтатуға шақырды. Осылайша қозғалыс халықаралық сипатқа ие болды және өз атауын алды. 

🤩 Бүгін — Дүниежүзілік тігіншілер күні тойланады. 1846 жылы 28 ақпанда америкалық Уильям Хоу тігін машинасына патент алды. Бұл өнертабыс бүкіл дүние жүзіндегі тігіншілердің негізгі құралына айналды, сондықтан олар жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы тігін машинасының маңызды рөліне құрмет көрсете отырып, осы датаны өздерінің мерекелері ретінде таңдады.

Таныстарыңыздың арасында тігіншілер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!

📌Сондай-ақ 28 ақпан интернетке тәуелділікпен күресуге шақыратын Дүниежүзілік фейсбуксіз күн аталып өтеді. Әлеуметтік желіде әртүрлі әрекеттер орын алады. Қазірдің өзінде адамдар үшін рефлекске айналып үлгерді. Мәселен, жаңалықтарды оқисыз, достарыңыздың жазбаларына басылатын лайк, фотосуреттерін тамашалау. Қолданушылардың психологиялық тәуелділігінен басқа, әлеуметтік желі жиі интрузивті жарнамамен, сондай-ақ желі жеке деректерді жеткілікті түрде қорғамайды деп айыпталады. Дегенмен Марк Цукерберг алаңдамаса болады. Өйткені әлемде бір күн болса да әлеуметтік желідег бас тартуға арналған күн бар. 

 

🔥 28 ақпан өмірге келген қазақтың атақты тұлғалары. 178 жыл бұрын қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаев (1846-1945) дүниеге келді. Ол «Қара жарлық», «Еріншек туралы теңеу», «Хан мен ақын» т.б қоғамдық, тұрмыстық, лирикалық әндердің, поэмалар мен ертегілердің авторы. Жамбыл бейнесі барлық түрлер мен жанрларда көрініс тапты. Ақын — қазақ өнерінің ұлы тұлғасы ретінде танылып, халықтың ұлттық рухын биікке көтерді. 

Сонымен қатар бүгін белгілі дирижер, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков 71 жасқа толды. Ол «Отырар сазы» фольклорлық оркестрінде дирижерлік қызмет еткен. Маэстро есімі Қазақстанда ғана емес, шетелде де кеңінен танымал. Өнер адамы гастрольдік сапармен ТМД, Франция, Дания, Қытай мемлекеттерінде болды. 

 

Сіздің қалаңызда Жамбыл Жабаевтың есімімен аталған қандай ғимараттар немесе көшелер бар ма?