«Үйде жатпа» күнтізбесі. 28 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 28 Қаңтар, 2024


👩‍💻28 қаңтар – Халықаралық жеке деректерді қорғау күні. Бастапқыда бұл күн әлеуметтік желілерде жеке деректерді қорғаудың маңыздылығын арттыруға арналған. Қазіргі уақытта жұмыс топтары технологиялық дамудан туындайтын жаңа қауіптерді көрсету үшін деректерді қорғаудың жаңа әдістерін әзірлеуде. Жеке деректерді қорғау мүмкіндігінше байқалмауы қажет. Өйткені алаяқтардың әдістері күн сайын артып келеді.

Алаяқтық жолмен жеке деректеріңізге қолсұққандар болды ма?

👵Бүгін – Дүниежүзілік жұмыссыздар күні. Бұл күн жұмыссыз жандарды құттықтау үшін емес, мемлекет пен қоғамның осы мәселеге назарын аударып, еске салуға арналған. Елімізде жұмысшылардың тапшылығына қарамастан, өткен жылдың соңында Қазақстандағы жұмыссыздар саны 450 мыңға жуық адамды құрады. Ал оның 48 мыңға жуығы жұмыс іздемеген. 

Барлық оқырманымызға кәсіби даму, тұрақты жұмыс және жоғары табыс тілейміз!

🤖28 қаңтар – Халықаралық LEGO күні. 1932 жылы дат ұстасы Оле Кирк Кристиансен негізін қалаған LEGO тобы алғашқы жұмысын ағаш ойыншықтардан бастады. Бұл атау «leg gotd» ұранының бастапқы әріптерінен шыққан, бұл сөздің аудармасы «жақсы ойнау» дегенді білдіреді. LEGO адамдардың жасы мен жынысына қарамайды, яғни әртүрлі жастағы адамдарға бағытталған өнімді жасай алды. Қазіргі таңда смартфонға құмар балалардың ұсақ моторикасын, зейінін, табандылығын, шыдамдылығын, қиялын дамытуға көмектесетін құрылыс жинақтарды жасап шығарды.

 Сізге LEGO ойыншықтары ұнай ма?

👥28 қаңтар өмірге келген танымал тұлғалар. Бүгін америкалық актер Элайджа Вуд 43 жасқа толды. Көптеген беделді кәсіби марапаттардың иегері мансап жолында 60-тан астам фильмге түсті. Фродо Бэггинстің «Властелин колец» трилогиясындағы рөлімен танымал. Сонымен қатар бүгін қазақ актрисасы әрі әнші Кәмшат Жолдыбаева 36 жасын атап өтеді. КешYOU тобында өнер көрсеткен әнші жанкүйерлерінің ерекше сүйіспеншілігіне бөленді. Қала берді жеке әнші ретінде өзін қалыптастыра алды. Ол әдемі келбетке әрі керемет вокалдық өнерге ие. 7 фильмге түсу арқылы актерлік мансабында жетістіктерге жете білді.