☑️ 28 қаңтар — Халықаралық жеке деректерді қорғау күні. Бастапқыда бұл күн әлеуметтік желілерде жеке деректерді қорғаудың маңыздылығын арттыруға арналған. Қазіргі уақытта жұмыс топтары технологиялық дамудан туындайтын жаңа қауіптерді көрсету үшін деректерді қорғаудың жаңа әдістерін әзірлеуде. Жеке деректерді қорғау мүмкіндігінше байқалмауы қажет. Өйткені алаяқтардың әдістері күн сайын артып келеді.
Алаяқтық жолмен жеке деректеріңізге қолсұққандар болды ма?
☑️ Бүгін — Дүниежүзілік жұмыссыздық күні. Бұл күн жұмыссыз жандарды құттықтау үшін емес, мемлекет пен қоғамның осы мәселеге назарын аударып, еске салуға арналған. Елімізде жұмысшылардың тапшылығына қарамастан, өткен жылдың соңында Қазақстандағы жұмыссыздар саны 450 мыңға жуық адамды құрады. Оның 48 мыңға жуығы жұмыс іздемеген.
Барлық оқырманымызға кәсіби даму, тұрақты жұмыс және жоғары табыс тілейміз!
☑️ 28 қаңтар – Халықаралық LEGO күні. 1932 жылы дат ұстасы Оле Кирк Кристиансен негізін қалаған LEGO тобы алғашқы жұмысын ағаш ойыншықтардан бастады. Бұл атау «leg gotd» ұранының бастапқы әріптерінен шыққан, бұл сөздің аудармасы «жақсы ойнау» дегенді білдіреді. LEGO адамдардың жасы мен жынысына қарамайды, яғни әртүрлі жастағы адамдарға бағытталған өнімді жасай алды. Қазіргі таңда смартфонға құмар балалардың ұсақ моторикасын, зейінін, табандылығын, шыдамдылығын, қиялын дамытуға көмектесетін құрылыс жинақтарды жасап шығарды.
Сізге LEGO ойыншықтары ұнай ма?
☑️ Бүгін дизельді қозғалтқыштың пайда болған күні. Неміс инженері Рудольф Кристиан Карл Дизель оны 17 жыл бойы жасады және алғашқы сынағы 1897 жылы 28 қаңтарда өтті. Дизель бензинге қарағанда қуатты, үнемді әрі қарапайым. Мұндай қозғалтқыштар барлық ауыр техникада, теміржол және теңіз көлігінде де қолданылады. Сонымен қатар бензинге қарағанда қоршаған ортаға әлдеқайда аз зиян келтіреді.
Сізге қай көлік ұнайды, дизельді немесе бензин?