«Үйде жатпа» күнтізбесі. 28 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 28 Қазан, 2023


🤩Бүгін – Дүниежүзілік мультфильмдер күні. 1892 жылы 28 қазанда Парижде суретші және өнертапқыш Эмиль Рейно алғаш рет қозғалыстағы суреттерді көрсететін өзінің “праксиноскоп” аппаратын көпшілік алдында көрсетті. Оптикалық театрдың құрылуы қазіргі мультфильмдердің прототипінің дүниеге келуі болды. Дәл осы күн қазір анимациялық фильмдер дәуірінің басы болып саналады. Нақтырақ айтсақ, аталмыш күн мультфильмдер жасайтын мамандардың ғана емес, ересектер мен балалардың да мерекесі. Өйткені мультфильмді бәрі жақсы көреді.

 

Сіздің сүйікті мультфильміңіз қандай? 

🫣Бүгін Дүниежүзілік дзюдо күні де аталып өтеді. Дзюдо жай ғана спорт түрі емес. Ол адамның бойына сыйластық, ар-намыс, табандылық, батылдық және басқа да тұлғалық қасиеттерді сіңіретін тәрбие жүйесі. Жапондық жекпе-жек өнері шәкірттерінің саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде бұл спортпен айналысатын 20 миллионнан астам адам бар. Сондай-ақ әлем бойынша 200-ден астам ұлттық федерацияларын да атап айтуға болады. 28 қазан жауынгерлік өнердің әрі Кодокан мектебінің негізін қалаушы Джигоро Каноның (1860-1938) туған күніне орай таңдалды. 

 

Егер дзюдомен айналысатын таныстарыңызды білсеңіз, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

Бүгін әлемдегі ең атақты құрылыстардың бірі – Бостандық мүсіні пайда болды. 1886 жылы 28 қазанда оның салтанатты ашылуы Нью-Йоркте екі жүз елу мың көрерменнің қатысуымен өтті. Бұл Францияның Америка тәуелсіздігінің жүз жылдығына тартуы еді. Ескерткіш жасау идеясы көрнекті ойшыл, жазушы және саясаткер Эдуард Рене Лефевр де Лабулеге тиесілі. Ал мүсінді Фредерик Огюст Бартолди есімді мүсінші жасады. Бүгінде Бостандық мүсіні АҚШ-тың рәміздерінің бірі және ол ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Сізге Бостандық мүсіні ұнай ма?

💅28 қазан – екі әйгілі әйелдің мерейтойы. Бүгін сүйікті халық әншісі, актриса, педагог және профессор Роза Рымбаева 66 жасқа толды. Ол 1977 жылы Болгарияда өткен “Алтын Орфей” фестивалінде “Әлия” әнін орындағаны үшін бас жүлдені жеңіп алды. КСРО әншілерінің хит-шеруінде ол Алла Пугачева мен София Ротарумен бірге үздік үштікке енді. Ол өз есімін әнші Роза Бағланованың құрметіне орай алған. Оны «Қазақстанның алтын дауысы» және «Орталық Азияның әнші бұлбұлы» деп те атайды. Сондай-ақ бүгін американдық кино және теледидар актрисасы, продюсер Джулия Робертс 56 жылдығын атап өтеді. 1990 жылы «Красотка» фильміндегі басты рөлі оны әлемге танымал етті. Осылайша Джулия әлемдегі ең атақты әрі ең көп жалақы алатын актрисалардың біріне айналды. Оның қатысуымен түсірілген фильмдер әлемдік прокатқа екі миллиард доллардан астам пайда әкелді. Өнер иесі – «Оскар»сыйлығының иегері.

 

Сізге Роза Рымбаеваның қай әні ұнайды?