«Үйде жатпа» күнтізбесі. 28 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 28 Мамыр, 2023


🧪Мамыр айының соңғы жексенбісі Қазақстанның химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Химиялық білімді дұрыс пайдалану адамзатқа қазіргі заманның ең маңызды мәселелерін, соның ішінде азық-түлік, энергетика, экология салаларын шешуге мүмкіндік береді. Бұл мереке әртүрлі мамандықтағы адамдарды – технологтарды, инженерлерді, экологтарды, ғалымдар мен зерттеушілерді, фармацевтерді, радиохимиктер мен химия өнеркәсібін зерттеуге арнағандардың басын қосады.

 

Егер таныс химиктеріңіз болса, оларды мерекемен құттықтаңыз! 

🩺28 мамыр – Халықаралық әйелдер денсаулығына арналған іс-қимыл күні. Бүгінгі күннің назары ең алдымен әйелдердің репродуктивті денсаулығына аударылады. Соңғы жылдары сарапшылар әртүрлі жастағы бедеу әйелдер санының артып жатқанын хабарлайды. ДДҰ мәліметтері бойынша, соңғы 10 жылда бұл көрсеткіш екі есеге жуық өсіп, дүние жүзінде бедеулік жұптардың саны 5 пайызға жеткен. Сол себепті гинеколог пен эндокринологқа уақытында қаралу арқылы бедеуліктің алдын алуға болады.

 

Барлық әйелдер қауымына зор денсаулық тілейміз!

🎉Бүгін Ақтөбе тұрғындары қала күнін атап өтеді. 1869 жылы 28 мамырда Ақтөбе әскери бекінісі құрылып, оған 1891 жылы қала мәртебесі берілді. Бүгінде Ақтөбе Батыс Қазақстандағы ең ірі қаланың бірі. Сонымен қатар елдегі қалалар арасында тұрғындар саны бойынша төртінші орында. Мұнда халық саны 550 мыңнан асады. 

 

Ақтөбеліктерді қала күнімен құттықтаймыз!

💄28 мамыр әлемнің көптеген елі қара шашты әйелдерлің бейресми мерекесін атап өтеді. Психологтардың пікірінше, қара шашты арулар сезімтал, епті, нәзік болып келеді. Сонымен қатар олар сүйкімділігімен, ақылдылығымен, логикалық ойлау қабілетімен, эмоцияларды тежеу ​​қабілетімен, даналығымен ерекшеленеді. Аққұба және қара торы арулар арасында қарама-қайшылық біраз уақыттан бері жалғасып келеді. Алайда ғылыми дәлелденген фактілер бойыншаәлемде қара шашты арулар басым. Мерекенің пайда болу тарихы да ерекше.  Мәселен, дүниежүзілік аққұбалар күні 2006 жылдан бері тойланып келе жатқандықтан, қара шашты арулар да өз мерекесін бейресми түрде бекітті. 

 

Айта кету керек, қазақтардың көпшілігі— қара шашты арулар. Сондықтан бүгінгі мерекемен барша қыздар қауымын құттықтаймыз!