💃28 мамыр — Халықаралық әйелдер денсаулығына арналған іс-қимыл күні. Бұл күн, ең алдымен, әйелдердің репродуктивті саулығына назар аударуға арналған. Соңғы жылдары түрлі жастағы әйелдердің репродуктивті денсаулығы нашарлап бара жатқанын мамандар жиі айтып жүр. Сарапшылардың болжамынша, бедеулікке шалдыққан әйелдердің саны алдағы уақытта артуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, соңғы он жылда бедеулік дерегі екі есеге жуық өскен. Бүгінде әлем бойынша әрбір жиырмасыншы жұп осы дертке тап болған. Көбіне бедеуліктің алдын алу мүмкін екенін, ол үшін гинеколог пен эндокринолог дәрігерге дер кезінде қаралу қажет екенін мамандар ескертеді.
Барша әйелге зор денсаулық пен бақыт тілейміз!
🤩Бүгін Ақтөбе тұрғындары қала күнін атап өтеді. 1869 жылы 28 мамырда Ақтөбе әскери бекінісі құрылып, оған 1891 жылы қала мәртебесі берілді. Бүгінде Ақтөбе — Батыс Қазақстандағы ең ірі қалалардың бірі. Сонымен қатар халық саны жағынан елімізде төртінші орында. Қаланың тұрғындар саны 550 мыңнан асады.
Ақтөбеліктерді қала күнімен құттықтаймыз!
🤗28 мамырда әлемнің көптеген елі қара шашты әйелдердің бейресми мерекесін атап өтеді. Психологтардың пікірінше, қара шашты әйелдер сезімтал, құштар, сабырлы әрі терең ойлы болып келеді. Олар логикалық ойлау қабілетімен, парасаттылығымен, сымбаттылығымен ерекшеленеді. Аққұба және қара торы арулар арасында бейресми бәсеке талай жылдан бері жалғасып келеді. Алайда ғылыми деректер жер бетінде қоңыр шашты адамдардың саны басым екенін растайды. Мерекенің пайда болу тарихы да ерекше. Мәселен, дүниежүзілік аққұбалар күні 2006 жылдан бері тойланып келе жатқандықтан, қара шашты арулар да өз мерекесін бейресми түрде бекітті.
Айта кету керек, қазақтардың көпшілігі— қара шашты арулар. Сондықтан бүгінгі мерекемен барша қыздар қауымын құттықтаймыз!
👀28 мамырда аспаздар майонездің пайда болған күнін атап өтеді. Аңызға сүйенсек, 1756 жылы герцог Ришелье Маон аралында жаудың қоршауында отырған кезінде омлет пен қуырылған жұмыртқадан жалығып, аспазына бұрын-соңды болмаған ерекше тағам дайындауды тапсырады. Қолда бар жұмыртқа, май және лимоннан аспаз жеңіл әрі дәмді соус әзірлеп, оны герцогқа ұсынады. Бұл жаңа соус герцогтің ғана емес, француз жауынгерлерінің де көңілінен шығады. Осылайша, король Людовик XV mayonnaisе-дің алғашқы әуесқойлары болды. Кейінірек бұл соус әлемнің түкпір-түкпіріндегі үй шаруасындағы әйелдердің сүйікті өнімдерінің біріне айналды. Үй жағдайында дайындалған табиғи майонез – ешқандай хош иістендіргіштер мен қоспасыз – ағзаға пайдалы май қышқылдары, Е және F дәрумендеріне бай.