«Үйде жатпа» күнтізбесі. 28 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 28 Наурыз, 2023


🍳Бүгін салауатты өмір салтын ұстанатындап – Халықаралық нутрициолог күнін атап өтеді. Бұл мамандықтың күннен күнге танымалдылығы артып келеді. Аталмыш мереке оның ерекшеліктері мен міндеттерін нақтылауға арналған. Нутрициологтың негізгі міндеті – денсаулық бұзылуының алдын алу, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстану арқылы денсаулық пен өнімділікті сақтау. Кәсіби дайындық курстарын оқу арқылы сіз де нутрициолог бола аласыз. Ал диетолог атану үшін арнайы жоғары медициналық біліміңіз болуы қажет. 

 

Салауатты өмір салтын тұрақты түрде ұстанып жүрген жандарды осы мерекемен құттықтаймыз!

 

✍️Сонымен қатар бүгін – Дүниежүзілік тарихшылар күні. Алғашқы тарихшылардың бірі – Геродот. Оны Римнің атақты мемлекет қайраткері әрі шешен Цицерон «тарихтың атасы» деп атаған. Мұхаммед Хайдар Дулати мен Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш тарихшылары болып саналады. Тарих пен жады бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан бүкіл әлемде өз халқының және бүкіл адамзаттың тарихын білмейтін және білгісі келмейтіндерге берілетін атау да жаман.

 

Егер таныстарыңыздың арасында тарихшылар болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз! 

😮28 наурыз – үлкен өзгерістер күні. Бұл күн – жалқаулық танытпай, айналадағы барлық адамға өз өміріңіздің нағыз қожайыны екеніңізді дәлелдеуге шақырады. Иә, өміріңізді жақсы жаққа өзгерту үшін тау қопарудың қажеті жоқ. Есіңізде болсын, өзгеріске тек алғашқы қадам жасау жеткілікті. Бұл қиын болу мүмкін. Алайда жемісін міндетті түрде көресіз. Салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, өзін-өзі дамыту, шығармашылық белсенділік – жағымды эмоциялар тудырады әрі тек жақсылыққа есік ашуға көмектеседі.

 

Ендеше барша оқырманның алға қойған мақсаттарына сүрінбей жетулеріне тілектеспіз!

👥 28 наурыз атақты екі адам дүниеге келді. 143 жыл бұрын қазақтың ақыны, әнші, сазгер – Мәди Бәпиұлы (1880-1921) дүниеге келді. Оның «Қаракесек», «Шіркін-ай», «Мәди» әндерін Е.Брусиловский қазақтың тұңғыш ұлттық операсы «Қыз Жібекте» пайдаланды. А.Жұбановтың, Ә.Бектасовтың, Ә.Әбішевтің «Найзағай» романының зерттеулері оның өмірі мен шығармашылығына арналған. Алайда Кеңес үкіметі оны сотсыз, тергеусіз атып тастады. 

Бүгін – ерекше және экстравагант стилімен танымал американдық әнші әрі актриса – Леди Гага 37 жасқа толды. Ол бір жылда Оскар, Грэмми, BAFTA және Алтын глобус сыйлықтарын жеңіп алған тарихтағы алғашқы адам болды. Музыка саласында “100 үздік әйел тізімінде” төртінші орында тұр.

 

Сізге Леди Гага әнші немесе актриса ретінде ұнай ма? 🎤🎬