🚑 28 сәуір – Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметкерлері күні аталып өтеді. Иә, денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды бөлімінде қызмет ететін маман иелері үлкен жауапкершілікке ие. Өйткені олар уақытқа, ауа-райына, өзіндік көңіл күйі мен жеке басындағы жағдайларға қарамастан науқастың жағдайын бірніші орынға қояды. Мысалы, Ковид-19 пандемиясы кезінде жедел жәрдем қызметкерлерінің ерен еңбегін ауыз толтырып айтуға болады. Себебі олар дүрбелең уақытта бастарын қатерге тігіп, науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ел алдындағы азаматтық борыштарын адал атқарды.
Жедел жәрдемде қызмет ететін достарыңыз болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🙏 28 сәуір — Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Бұл күннің мақсаты — көпшілік арасында еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастырып, жұмысшыларға қауіпсіз жағдай жасауға шақыру. Сонымен қатар қай уақытта да қауіпті жағдайлардың алдын алып, профилактикалық жұмыстардың бірінші кезекте тұратынын ескерту. Жыл сайын дүниежүзі бойынша өнеркәсіп орындарында 270 миллионға дейін жазатайым оқиға орын алып, 6 мыңнан астам адам қайтыс болады. Біздің елде де бұл — күрделі мәселелердің қатарында тұр. Еңбек министрлігінің мәліметінше, жыл сайын Қазақстан кәсіпорындарында 1300-ден астам жұмысшы жарақат алып, оның 200-ге жуығы қайтыс болады.
Өзіңізге абай болыңыз және жұмыс орныңызда қауіпсіздік ережесін сақтауды талап етіңіз!
💫 Бүгін — Дүниежүзілік ғарыш туризмі күні. 2001 жылы 28 сәуірде Талғат Мұсабаевпен экипаж құрамында тұңғыш рет шетелдік турист ғарышқа ұшты. Осы арқылы ғарыштық туризмнің негізі қаланды. Американдық кәсіпкер Деннис Тито аталмыш ғарыш саяхатына 8 ай дайындық жүргізіп, аспан әлеміне ұшуға 20 миллион доллар төледі. Мұнда оған физикалық жаттығулармен қатар, ғарыш кемесін басқарудың негіздерін үйрену де міндетелді. Бүгінде әлемде 13 ғарыштық турист бар. Соңғы мәліметтерге сәйкес, ұшу құны — 55 миллион теңгені құрайды.
Ал сіз ғарышқа ұшқыңыз келе ме?
💃 28 сәуір өмірге келген танымал әйелдер. Бүгін испаниялық актриса әрі модель — Пенелопа Круз 49 жасқа толды. Өнер иесі «Викки Кристина Барселона» фильмінде сомдаған рөлі үшін «Оскар» сыйлығына ие болған алғашқы испандық әртіс ретінде әлемге танылды. Ол мансап жолында 60-тан астам фильмге түсті. Сонымен қатар бүгін американдық актриса және кәсіпкер — Джессика Альба 42 жасқа толды. Көрермендер оны «Күнәлар қаласы», «Жұмаққа қош келдіңіз!», «Мачете» фильмдерінен біледі. Ал сән журналдары оны актрисаны әмдегі ең тартымды әйел ретінде мойындады. Джессика Альба Forbes нұсқасы бойынша тұтыну өнімдерін шығаратын компания құрылтайшысы ретінде 40 жасқа дейінгі ең бай кәсіпкерлердің тізіміне енді.
Сізге қай актриса ұнайды: Пенелопа Круз немесе Джессика Альба?