♨️28 сәуірде Қазақстанның жедел жәрдем қызметкерлері күні аталып өтеді. Денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды бөлімінде қызмет ететін маман иелері үлкен жауапкершілікке ие. Өйткені олар уақытқа, ауа райына, өзіндік көңіл күйі мен жеке басындағы жағдайларға қарамастан науқастың жағдайын бірніші орынға қояды. Мысалы, Ковид-19 пандемиясы кезінде жедел жәрдем қызметкерлерінің ерен еңбегін ауыз толтырып айтуға болады. Себебі олар дүрбелең уақытта бастарын қатерге тігіп, науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ел алдындағы азаматтық борыштарын адал атқарды.
Жедел жәрдемде қызмет ететін достарыңыз болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🤍28 сәуір — Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Бұл күннің мақсаты — көпшілік арасында еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастырып, жұмысшыларға қауіпсіз жағдай жасауға шақыру. Сонымен қатар қай уақытта да қауіпті жағдайлардың алдын алып, профилактикалық жұмыстардың бірінші кезекте тұратынын ескерту. Жыл сайын дүниежүзі бойынша өнеркәсіп орындарында 270 миллионға дейін жазатайым оқиға орын алып, 6 мыңнан астам адам қайтыс болады. Біздің елде де бұл күрделі мәселелердің қатарында тұр. Еңбек министрлігінің мәліметінше, жыл сайын Қазақстан кәсіпорындарында 1300-ден астам жұмысшы жарақат алып, оның 200-ге жуығы қайтыс болады.
Өзіңізге абай болыңыз және жұмыс орындарыңыздың еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай болуын талап етіңіздер!
🚀Бүгін — Дүниежүзілік ғарыш туризмі күні. 2001 жылы 28 сәуірде Талғат Мұсабаевпен экипаж құрамында тұңғыш рет шетелдік турист ғарышқа ұшты. Осы арқылы ғарыштық туризмнің негізі қаланды. Америкалық кәсіпкер Деннис Тито аталған ғарыш саяхатына 8 ай дайындық жүргізіп, аспан әлеміне ұшуға 20 миллион доллар төледі. Мұнда ол дене жаттығуларынан ғана емес, ғарыш кемесін басқарудың негізгі қыр-сырын да меңгерді. Бүгінде әлемде 14 ғарыш туристі бар, ал соңғы ғарыш сапарының құны 55 миллион долларды құрады.
Ал сіз ғарышқа ұшқыңыз келе ме?
👥28 сәуірде өмірге келген танымал әйелдер. Бүгін испаниялық актриса әрі модель Пенелопа Крус 51 жасқа толды. Өнер иесі “Викки Кристина Барселона” фильмінде сомдаған рөлі үшін “Оскар” сыйлығына ие болған алғашқы испандық әртіс ретінде әлемге танылды. Ол мансап жолында 60-тан астам фильмге түсті. Сонымен қатар бүгін америкалық актриса әрі кәсіпкер Джессика Альба 44 жасқа толды. Көрермендер оны “Күнәлар қаласы”, “Жұмаққа қош келдіңіз!”, “Мачете” фильмдерінен біледі. Ал сән журналдары актрисаны әмдегі ең тартымды әйел ретінде мойындады. Джессика Альба Forbes нұсқасы бойынша тұтыну өнімдерін шығаратын компания құрылтайшысы ретінде “40 жасқа дейінгі ең бай кәсіпкерлер” тізіміне енді.
Сізге қай актриса ұнайды: Пенелопа Крус немесе Джессика Альба?