«Үйде жатпа» күнтізбесі. 28 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 28 Тамыз, 2023


🎆Бүгін – арман күні. 1963 жылы 28 тамызда қара нәсілді американдық құқық қорғаушы кіші Мартин Лютер Кинг “Менің арманым бар!” деген ұранмен басталған әйгілі сөзін сөйледі. Соған байланысты бүгінде Америка Құрама Штаттарында қара нәсілділер ақ нәсілділермен қатар білім алуға, білікті жұмысқа орналасып, басқа да жеңілдіктерге қол жеткізе алады. Әрқайсымыздың қарапайым тілектеріміз бен нақты жоспарларымыз бар. Арман адаммен өмір бойы бірге жүреді. Вольтер: “Адам өмірінің мәнін түсіну үшін армандау керек» деп дәлелдеген.

Барлық армандарыңыз орындалсын!

🎭28 тамыз – Халықаралық комикстерді оқу күні. Бұл мерекенің мақсаты – адамдарға комикстердiң жасқа, жынысқа жане ұлтқа бөлінбейтінін түсіндіре отырып, оған деген сүйiспеншiлiктен ұялмау керек екенін еске салады. Сондықтан сүйікті комиксіңізді алып, оны саябақта, кафе неме кітапханада оқи жүріңіз. Сонымен қатар өзіңіз оқыған комикстерді әлеуметтік желіде #ReadComicsInPublicDay хэштегімен белгілеп, бөлісе аласыздар.

Сiздiң сүйiктi комикс кейiпкеріңіз кiм?

🎬1998 жылы 28 тамызда қазақстандық “Тоғысқан тағдырлар” телехикаясы ТМД және Балтық елдері сериалдар фестивалінде бірінші орынға ие болды. Адамгершілік пен жалпыадамзаттық тақырыптарды көтерген тұңғыш қазақстандық «сериал» 5 жыл бойы көрсетілді. Ол 465 бөлімнен тұрды. Сериалға 30-ға жуық актер тартылып, 4 режиссер мен 5 сценарист, сонымен қатар операторлар, костюмерлер, визажистер жұмыс істеді.

Осы сериялдағы кейіпкерлердің қайсысы сізге ұнайды?


👥28 тамыз өмірге келген танымал ер адамдар. 73 жыл бұрын қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов (1950-2023) дүниеге келді. Ол «Қайрат» құрамында 225 матч өткізді. Сондай-ақ халықаралық турнирде жеңіске жеткен алғашқы кеңес клубы атанлы. Қазақ футболының тарихындағы нағыз серпіліс Байшақовтың КСРО құрамасына қатысуы болды. 7 жыл бойы ол «Қайрат» клубының жаңа буынының тұрақты жаттықтырушысы болып қызмет етті. Бүгін американдық актер, әзілкеш, музыкант әрі ән жазушы Джек Блэк 54 жасын атап өтеді. Ол көпшілікке «Отпуск по обмену”, “Кинг Конг” және “Джуманджи” фильмдері арқылы белгілі. Өнер иесі «Кунг фу панда» фильмінде Поның даусын салып, өз харизмасын шебер жеткізе білді.