«Үйде жатпа» күнтізбесі. 29 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 29 Ақпан, 2024


💼29 ақпан – жылдың 366-шы күні. “Кібісе жыл” ұғымы алғаш рет біздің заманымызға дейінгі 45 жылы Юлий Цезарьдің бұйрығымен жаңа күнтізбе енгізілген уақытта пайда болды. Осы сәтте римдік астрономдар планетамызда бір тәулік тура 24 сағат емес, 3 минут 56 секундқа ұзағырақ болады деген түсінікпен бетпе-бет келді. Нәтижесінде қарапайым шешім қабылданды. Осыған сәйкес олар өз зерттеуінде әр үш жылдың 365 күнге аяқталып, ал әрбір төртінші жылдың күн саны алдағы үш жылда бір күннің артық қалуы салдарынан 366 күнге толатынын дәлме-дәл есептеп шығарды. Осылайша мұсылман елдерінде ақпанның 29-ы “Кібісе жылы” болып бекітілді. 

💉Ақпанның соңғы күні – Халықаралық сирек кездесетін аурулар күні. Бұл күн ұзақ уақыт бойы белгісіз болған әрі сирек кездесетін ауруларды түсінуге бағытталады. Сонымен қатар дәрігерлерге дұрыс диагноз қоюға және науқасқа денсаулығы туралы жан-жақты ақпарат беруге мүмкіндік береді. Аталмыш күннің мақсаты қоғам мен мемлекеттің назарын әлеуметтік және қаржылық ауыртпалықты арқалап жүрген, қала берді белгісіз дертке шалдыққан адамдардың жағдайына аудару.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

👍2012 жылдың 29 ақпанында Tokyo Skytree телемұнарасының құрылысы аяқталды. Бұл әлемдегі ең биік телемұнара әрі Дубайда орын тепкен Бурдж Халифадан кейінгі ең биік екінші ғимарат. Оның биіктігі антеннасымен есептегенде 634 метрді құрайды.

 

Қазақстандағы ең биік ғимарат қайсы?

😏Еуропаның кей елдерінде 29 ақпан – әйелдің ер адамға үйлену туралы ұсыныс жасайтын жалғыз күні болып саналады. Бұл дәстүр V ғасырда Ирландияда пайда болды. Ал ХIII ғасырда Шотландияда арнайы заң жарияланғаннан кейін 29 ақпан ресми түрде бекітілді. 17 ғасырда Англияда да осындай жарлық қабылданды. Бірақ оның міндетті мәртебесі болмағанымен, рұқсат етуші сипаты болды.

Егер жігітіңізден үйлену туралы ұсынысты көптен бері күтіп жүрсеңіз,  бүгін соны айтудың қолайлы сәті. Төрт жылда бір берілетін мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!