«Үйде жатпа» күнтізбесі. 29 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 29 января, 2024


💥29 қаңтар әлемде ядролық соғысқа қарсы күрес күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – ядролық жарылыстардың жекелеген ел үшін де, бүкіл ғаламшар үшін апатты екенін еске салу. Осы тұста мемлекет басшылары қандай да бір саяси жанжал мен кез келген шешім миллиондаған адамның өмірі мен бүкіл елдің болашағынан биік тұрмайтынын есте ұстауы қажет. Қазіргі жағдайды ескерсек, аталмыш күн — әлем үшін өте өзекті мәселе.

Қандай елдер өз еркімен ядролық қарудан бас тартты?

🌚29 қаңтар — Дүниежүзілік міндеттемелер күні. Кез келген адамға жүктелген белгілі бір міндеттеме бар және олардан бас тарту мүмкін емес. Мәселен, өмірде әр күніңіз бір сарынды өтіп жатқан күй кешуіңіз мүмкін. Осы сәтте еңсеңізді көтеріп, батылыңыз жетпей жүрген әрекетті жасауға ерекше шабыт оянатыны рас. Сондықтан бүгін әркім өзі үшін жауапкершілік алып, керемет мүмкіндікті пайдалана алады. Дәл қазір көңіл көтеріп, артық ойдан арылуға тырысыңыз. Ең бастысы, отбасыңыз бен достарыңызға, өзіңізге демалыс күнін ұйымдастырып жатқаныңызды ұмытпаңыз. Бәлкім олар да сізге қарап, кейбір міндеттемелерден бас тартуға бел буады.

Мұндай мерекелерге қалай қарайсыз?

🚗Бүгін — көлік күні аталып өтеді. 1886 жылы 29 қаңтарда неміс инженері Карл Бенц өзі құрастырған алғашқы көлікке патент алды. Салмағы 250 кг болатын Motorwagen маркалы автокөлік 1887 жылы Париж көрмесінде таныстырылды. Бір жылдан кейін кең танымалдыққа ие болған көліктің сериялық өндірісі басталды. Автокөлік көпшіліктің қызығушылығын оятпады. Бенцтің идеясын оның әйелі Берта жариялады. Ол балаларымен Моторвагенмен анасына 90 шақырымдай жол жүріп өтті. Саяхат қауіпсіз аяқталды. Осылайша, бұл автомобильге деген сенімділік артты. 

Сізге қай маркадағы көлік ұнайды?

👥29 қаңтар өмірге келген танымал тұлғалар. Бүгін америкалық тележүргізуші, актриса, продюсер, қоғам қайраткері, «Опра Уинфри шоуының» жүргізушісі Опра Уинфри 70 жас мерейтойын атап өтеді. Оның жеке киностудиясы, журналы, интернет-басылымы, радио желісі, қала берді кабельдік телеарнасы бар. Бойына дарыған талантының арқасында ол тарихта алғашқы қара нәсілді миллиардер әйел атанды. Оның байлығы 2,6 миллиард долларды құрайды. Бірнеше жыл бойы ол әлемдегі ең ықпалды адамдардың қатарында болды. Сонымен қатар бүгін қазақ жазушысы, сатирик, Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың алғашқы иегері Ермахан Әбдіраман 58 жасқа толды. Өнер иесі көптеген кәсіби және мемлекеттік марапаттардың иегері. Баршаның сүйікті «Ауыз тие отырыңыз», «Біртүрлі кітап», «Қазіргі қазақ сатирасы» және т.б. шығармаларының авторы.