«Үйде жатпа» күнтізбесі. 29 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 29 января, 2023


☑️ Қаңтардың соңғы жексенбісі — Халықаралық интернетсіз күн аталып өтеді. Бұл мерекенің басты мақсаты — адамдарды смартфондардан, компьютерлерден және ғаламдық желіден бір күнге болсын алшақтату.  Яғни, аталмыш күні адамдар бір-бірімен бетпе-бет сөйлесіп, сүйкті ісімен шұғылданады. Себебі адамдар қазіргі таңда техгологияның дамуына байланысты қызықты, жанына жақын істерін ұмыта бастады. Психологтардың айтуы бойынша, интернетке деген тәуелділік  адамдардың 6 пайызында кездесетін психикалық бұзылыс. 

 

Сіз интернетсіз бір күн өмір сүре аласыз ба? :)

☑️ Бүгін әлемде ядролық соғыс қаупіне қарсы жұмылдыру күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – ядролық жарылыстардың жекелеген ел үшін де, бүкіл планета үшін апатты екенін еске түсіру. Мемлекет басшылары қандай да бір саяси жанжал миллиондаған адам өмірі мен бүкіл ғаламшар болашағынан биік тұрмайтынын есте ұстауы керек. Қазіргі жағдайды ескерсек, аталмыш күн әлем үшін өте өзекті.

Қандай елдер өз еркімен ядролық қарудан бас тартты?

☑️29 қаңтар — Дүниежүзілік міндеттемелер күні. Біздің әрқайсымызға жүктелген белгілі бір міндеттеме бар және олардан құтылу мүмкін емес. Өмірде барлық оқиға мен күндер бір сарынды болып көрінген кезде, сізде батылыңыз жетпей жүрген әрекетті жасауға шабыт оянады. Бүгінгі күні әркімде осы мүмкіндік бар. Сол себепті аздап болсын көңіл көтеріңіз. Ең бастысы, отбасыңыз бен достарыңызға, өзіңізге демалыс күнін ұйымдастырып жатқаныңызды айтуды ұмытпаңыз. Мүмкін олар сізден үлгі алып, кейбір міндеттемелерден бас тартуға бел буады.

Мұндай мерекелерге қалай қарайсыз? 

☑️ Бүгін — көлік күні аталып өтеді. 1886 жылы 29 қаңтарда неміс инженері Карл Бенц өзі құрастырған алғашқы көлікке патент алды. Салмағы 250 кг болатын Motorwagen маркалы автокөлік 1887 жылы Париж көрмесінде таныстырылды. Бір жылдан кейін бұл ең танымал көліктің сериялық өндірісі басталды. Автокөлік көпшіліктің қызығушылығын тудырмады. Бенцтің идеясын оның әйелі Берта жариялады, ол балаларымен Моторвагенмен анасына 90 шақырымдай жол жүріп өтті. Саяхат қауіпсіз аяқталды. Осылайша, бұл автомобильге деген сенімділік артты. 

Сізге қай маркадағы көліктер көбірек ұнайды?