«Үйде жатпа» күнтізбесі. 29 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 29 ноября, 2023


🙏Бүгін Палестина халқымен халықаралық ынтымақтастық күні аталып өтеді. 1947 жылы 29 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестинаны араб және еврей мемлекеттеріне бөліп, ал Иерусалимде арнайы халықаралық режим болуы керек деген қаулы қабылдады. Осы қарар аясында екі мемлекеттің ішінен тек Израиль құрылды. Қазіргі уақытта саны 8 миллионнан асатын Палестина халқы 1967 жылдан бері Израиль басып алған аумақта, соның ішінде Шығыс Иерусалимде, көрші мемлекеттерде және босқындар лагерінде тұрады. Бүгінгі күнге дейін палестина халқының құқықтары мен заңды талаптары өз деңгейінде шешілмей келеді.

👏2011 жылдың 29 қарашасында Түркияда «Қазақстан» бульвары ашылды. Бұл Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай аталды. Бульвар Невшехир провинциясының төрт туристік ауданының қиылысында орналасқан. Оның ұзындығы — 8,5 шақырым. Ал өз кезегінде Алматы көшелерінің бірі Түркияның бұрынғы президенті Тұрғұт Өзалдың есімімен аталады.

⚽️Бүгін әлемдегі ең үздік клубтардың бірі — «Барселонаның» туған күні. 1899 жылы 29 қарашада Барса клубы швейцариялық, британдық, испандық және каталониялық футболшылар тобынан құрылды. Содан бері Барселонада Йохан Кройфф, Диего Марадона, Рональдиньо, Лионель Месси сияқты әлемге әйгілі футбол шеберлері өнер көрсетті. 2009 жылы Барселона бір жыл ішінде барлық ірі турнирде жеңіске жеткен әлемдегі жалғыз футбол клубы атанып, бірегей жетістікке қол жеткізді. 

 

Сізге қай клуб ұнайды: «Барса» немесе «Реал»?

👥29 қараша өмірге келген танымал адамдар. 221 жыл бұрын неміс жазушысы, философия және теология ғылымдарының докторы Вильгельм Гауф (1802-1827) дүниеге келді. Оның үш ертегі жинағынан, бірнеше роман мен поэмаларынан тұратын шығармашылық мұрасы Гауфты әлемдік әдебиет тарихына мәңгілікке енгізді. Бүгінде Вильгельмнің «Кішкентай Мук жайлы оқиға» және «Ергежейлі мұрын» әңгімелерін балалармен қатар ересектер де қызыға оқиды. Сондай — ақ 47 жыл бұрын “Қара пантера” есімімен танылған американдық актер Чедвик Боузман (1976-2020) дүниеге келді. 2016 жылы Чэдвикке қатерлі ісік диагнозы қойылды. Алайда ол денсаулығындағы кінәратты жасырып,  қайтыс болғанға дейін фильмге түсуін жалғастырды. Оның соңғы фильмі көпшілікке өмірден өткеннен кейін ұсынылды. Өнер иесі қайтыс болғаннан кейін Оскарға ұсынылған алғашқы қара актердің бірі атанды.