🙌29 мамырда Дүниежүзілік дұрыс ас қорыту күні аталып өтеді. Жер бетіндегі әр екінші адам ас қорыту кезіндегі мәселелермен бетпе-бет келуде. Сапасыз тағам немесе бір мезетте үйлеспейтін бірнеше өнімді тұтыну бір-бірімен әрекеттесіп, теріс химиялық не аллергиялық реакция туындатуы мүмкін. Мұндай жағдайлар тек асқазан-ішек ауруларына ғана емес, қан айналымына, теріге, тіпті ми қызметіне әсер ететін кең ауқымды дерттердің пайда болуына әкелуі ықтимал.
Есіңізде болсын: дұрыс және теңгерімді тамақтану – денсаулықтың негізгі кепілі.
🤩29 мамыр — Халықаралық БҰҰ-ның бітімгерлік күштерінің күні. Бұл күні бүкіл әлемде БҰҰ-ның “көк дулығалы” бейбітшілік сақтаушыларына құрмет көрсетіледі. Олар – қақтығыс ошақтарында бітім шарттарының орындалуын қадағалайтын жауынгерлер ғана емес, сондай-ақ дәрігерлер, полицейлер, инженерлер, мұғалімдер және түрлі сала өкілдері.
Қазақстанның «ҚазБат» бітімгершілік батальоны 2000 жылы құрылған. Оның жауынгерлері Иракта саперлік, су және логистикалық қызметтер атқарып, ерлігімен танылды.
Егер айналаңызда “ҚазБатта” қызмет еткен таныстарыңыз болса – оларды кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!
🤗Бүгін тауға ғашық жандар Халықаралық Эверест күнін атап өтеді. 1953 жылы дәл осы күні әлемнің “үшінші полюсі” саналатын Эверест (тибетше атауы – Джомолунгма) алғаш рет бағындырылды. Ұзақ жылдарға созылған сәтсіз экспедициялардан кейін, Жер шарының ең биік нүктесіне алғаш көтерілген – жаңазеландиялық Эдмунд Хиллари мен шерпа Тенцинг Норгей. Олар өз ерліктерімен тарихта қалды.
1982 жылы бұл шыңға шыққан алғашқы қазақ – Қазыбек Валиев болса, 2011 жылы Мақсұт Жұмаев әлемдегі барлық 14 сегізмыңдықты бағындырған алғашқы қазақ болып, “Quest-14” клубының 27-мүшесіне айналды. Ал 2024 жылы Анар Бурашева Эверестке шыққан алғашқы қазақ әйелі атанды.
Ал сіз қай таудың шыңын бағындырдыңыз?
👀29 мамыр — Түркияда ерекше тарихи күн. 1453 жылы дәл осы күні Осман сұлтаны ІІ Мехмед Византия империясының астанасы Константинопольді бағындырды. Бұл оқиға нәтижесінде қала бес ғасыр бойы Осман империясының жүрегіне айналды. Қаланың тарихы б.з.д. VII ғасырда басталады. Ал 330 жылы Рим императоры Константин Ұлы империя астанасын осы жерге көшіріп, оны өзінің құрметіне Константинополь деп атаған. 1922 жылы Осман империясы таратылып, Түркияның астанасы Анкараға ауыстырылды. Ал 1930 жылдан бастап қала ресми түрде Ыстамбұл деп атала бастады. Қазіргі таңда бұл алып шаһарда 15 миллионнан астам адам тұрады.
Таныстарыңыздың арасында түріктер болса, оларды жеңіс күнімен құттықтап қойыңыз!