«Үйде жатпа» күнтізбесі. 29 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 29 июня, 2023


💫29 маусым – Халықаралық өнеркәсіптік дизайн күні. Бұл — адам өміріне сан алуан эстетикалық ләззат әкелетін, өз туындыларын ойлап тауып қана қоймай оны сәтті жүзеге асыра алатын шығармашылық адамдарының мерекесі. Әсіресе, қазіргі таңда осы мамандардың заманауи көліктер мен жабдықтарды құрастыруда еңбек нәтижелерін көру қуаныш сыйлайды. 

📱2007 жылы 29 маусымда алғашқы iPhone сатылымы басталды. Оның құны 499 доллардан басталды. Стив Джобс оны үш құрылғының қосындысы ретінде ұсынды. Атап айтатын болсақ,  «сенсорлық басқаруы бар кең экранды iPod», «революциялық ұялы телефон» және «серпінді интернет коммуникатор». Қазіргі кездегідей бұл уақытта да сатылым басталар алдында мыңдаған адам кезекке тұрды. Ал Time журналы оны “Жыл өнертабысы” деп атады. Бүгінгі таңда аталмыш смартфондар стандарт болып қала береді әрі көптеген бәсекелестен ерекшеленеді.

 

Егер сізде де iPhone смартфоны болса,комментарийге жазып басып кетіңіз.

📺1964 жылы 29 маусымда американдық өнертапқыш Роберт Адлер теледидардың қашықтан басқару құралын жасады. Иә, осы сәтте адамдар «Жалқау» деп аталатын сымды қашықтан басқару құралын пайдаланды. Алғашқы қашықтан басқару пульттері тек теледидарды қосып-өшіру үшін әрі арналарды өзгертуге арналды. Қашықтан басқару пультінің күрделі модельдеріне жаңа серпін жетпісінші жылдардың соңында қосылды. Осылайша телемәтін бетін таңдау, дыбыс деңгейін көтеру, жарығы мен және хромын реттеу мүмкіндігі қосылды. Бүгінде мұндай автоматтандырылған құрылғылар теледидардан бөлек барлық тұрмыстық техникада орналасқан. 

 

👥29 маусым — екі жазушының туған күні. 123 жыл бұрын көрнекті француз эссеисті, гуманист ақын және кәсіби ұшқыш Антуан де Сент-Экзюпери (1900-1944) дүниеге келді. Оның жарқын өмірбаянының көптеген сәттері әдеби дарынының дамуына түрткі болды. Жазушының ең танымал шығармасы – «Кішкентай ханзада» әңгіме-ертегісі. Антуан де Сент-Экзюпери «Жауынгерлік Франция» қатарында соғысып жүріп, кезекті бір жау аумағына барлау рейсінен қайтып оралмайды. Бүгін қазақ жазушысы, ТМД Журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты Қайнар Олжай 65 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол халық арасында танымал көптеген ТВ-бағдарламалар мен “Бірінші” тарихи-деректі телевизиялық фильмінің авторы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері де 4 кітап шығарды.