🌱29 маусым – Халықаралық өнеркәсіптік дизайн күні. Бұл — адам өміріне сан алуан эстетикалық ләззат әкелетін, өз туындыларын ойлап тауып қана қоймай оны сәтті жүзеге асыра алатын шығармашылық адамдарының мерекесі. Әсіресе, қазіргі таңда осы мамандардың заманауи көліктер мен жабдықтарды құрастыруда еңбек нәтижелерін көру қуаныш сыйлайды.
📱2007 жылы 29 маусымда құны 499 доллар болатын алғашқы iPhone сатылымы басталды. Стив Джобс оны үш құрылғының қосындысы ретінде ұсынды. Атап айтатын болсақ, “сенсорлық басқаруы бар кең экранды iPod”, “революциялық ұялы телефон” және “серпінді интернет коммуникатор”. Қазіргі кездегідей бұл уақытта да сатылым басталар алдында мыңдаған адам кезекке тұрды. Ал Time журналы оны “Жыл өнертабысы” деп атады.
Егер сізде де iPhone смартфоны болса, комментарийге лайк басып кетіңіз.
👃Маусымның соңғы сенбісінде аллергиямен ауыратындар Халықаралық Амброзияға қарсы күнін атап өтеді. Амброзия тозаңы аллергияға, астмаға, ринитке және басқа респираторлық ауруларға бейім адамдардың бойында теріс реакция тудырады. Қазақстанда жусан мамыр айында пайда болып, қазан айының соңына дейін гүлдейді. Бұл өсімдік өзінің қуатты тамыр жүйесімен топырақты ылғал мен қоректік заттардан айырып, ауыл шаруашылығына да үлкен зиян келтіреді. Күнді өткізудегі мақсат – адамдар үшін де, экожүйе үшін де қауіпті осы арамшөппен күреске қоғамның назарын аудару.
Сізге жусан иісі ұнай ма?
👥29 маусым — екі жазушының туған күні. 124 жыл бұрын көрнекті француз эссеисті, гуманист ақын және кәсіби ұшқыш Антуан де Сент-Экзюпери (1900-1944) дүниеге келді. Оның жарқын өмірбаянының көптеген сәттері әдеби дарынының дамуына түрткі болды. Жазушының ең танымал шығармасы – “Кішкентай ханзада” әңгіме-ертегісі. Антуан де Сент-Экзюпери “Жауынгерлік Франция” қатарында соғысып жүріп, кезекті бір жау аумағына барлау рейсінен қайтып оралмайды. Бүгін қазақ жазушысы, ТМД Журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты Қайнар Олжай 66 жасқа толды. Ол халық арасында танымал көптеген ТВ-бағдарламалар мен “Бірінші” тарихи-деректі телевизиялық фильмінің авторы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 4 кітап шығарды.