«Үйде жатпа» күнтізбесі. 29 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 29 Наурыз, 2024


🎼Бүгін музыка әуесқойлары халықаралық фортепиано күнін атап өтеді. Аспапты ойлап тапқан –  Бартоломео Кристофори (1655-1731).  Итальян тілінен аударғанда piano – “тыныш”, forte – “қатты дауыс” деген мағынаны білдіреді. Фортепиано бөлшектерінің 70%-ы ағаштан, қалған 30%-ы мыс, шойын және киізден жасалады. Шеберлер ұзақ уақыт бойы ақ батырмаларын піл сүйегінен жасап келді. Алайда уақыт өте келе оны жасау үшін арзан әрі қолжетімді материалдар пайдаланыла бастады. Қазіргі таңда фортепианода 88 перне мен тепкі (36 қара және 52 ақ) және 224 киізден жасалған балғасы бар.

☹️29 наурыз – Өзін-өзі тану күні. Бұл әрекет өмір бойы қалыптасып отыратындықтан, үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Сол себепті Ежелгі Грециядан бастау алған “Өзіңді тану” ұраны бүгінгі күнге дейін өзекті болып келеді. Психологтар өзіңізге және отбасыңызға қажетті нәрсені беру үшін өзіңізді тану мен жұмыс арасында баланс болу қажет екенін айтады. Осы сәтте өміріңіздің бос өтпегеніне көз жеткізіп, материалдық және моральдық тұрғыдағы құндылықтарды сақтай аласыз. 

Өзіңізді дамытуға арнайы уақыт бөлесіз бе?

🥸Бүгін фантастика әуесқойлары халықаралық су перісі күнін атап өтеді. 2018 жылы 29 наурызда жұмбақ әрі көк көзді су перісі туралы америкалық “Сирен” сериалының тұсаукесері өтті. Мұндай тіршілік иелері дүниежүзі халықтарының ауыз әдебиетінде ғана емес, сонымен қатар теңізшілердің, соның ішінде Колумб журналдарында да жиі кездеседі. Ал олардың мумиялары XX ғасырдың кейбір мұражайларына қойылды.  

Ғалымдар адам дамуының белгілі бір кезеңінде олардың ата-бабасы суда өмір сүрген деген нұсқаны алға тартады. Ал кейбіреуі әлі күнге дейін мұхиттардың астында өмір сүріп жатыр деген тұжырымға келеді. 

Сіздің ойыңызша, су перілері әлі де бар ма әлде ол жай ғана ертегі кейіпкері ме?


🙌29 наурыз өмірге келген қазақтың атақты тұлғалары. Бүгін суретші Ботагөз Анақаева 53 жасқа толды. Оның жұмыстары Қастеев, Третьяков галереясында, Виллафамес заманауи өнер мұражайында (Испания), Монреаль муниципалдық мұражайында, Канада генерал-губернаторының мұражайында төбе көрсетіп, әлемнің көптеген елінің жеке коллекцияларына қойылды. Суретшіде “Тоқыма, керамика өндірісін енгізу арқылы бедерлі кескіндемені дамыту” патенті бар. Сонымен қатар бүгін киноактер Төлепберген Байсақалов 50 жас мерейтойын атап өтеді. Ол 2008 жылы “Қызғалдақ” фильмінде сомдаған рөлі үшін Канн кинофестивалінде “Ерекше көзқарас” номинациясы бойынша гран-при иеленді. Актер “Рэкетир”, “Шыршалар”, “Тараз”, т.б фильмдерімен де танымал болды.