«Үйде жатпа» күнтізбесі. 29 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 29 марта, 2023


🎤 Бүгін музыка әуесқойлары — Халықаралық фортепиано күнін атап өтеді. Фортепианоны ойлап тапқан —  Бартоломео Кристофори (1655-1731).  Итальян тілінен аударғанда piano — “тыныш”, forte — “қатты дауыс” деген мағынаны білдіреді. Фортепиано бөлшектерінің 70%-ы ағаштан, қалған 30%-ы мыс, шойын және киізден жасалады. Шеберлер ұзақ уақыт бойы ақ батырмаларын піл сүйегінен жасап келді. Алайда уақыт өте келе оны жасау үшін арзан әрі қолжетімді материалдар пайдаланыла бастады. Қазіргі таңда фортепианода 88 перне мен тепкі (36 қара және 52 ақ) және 224 киізден жасалған балғасы бар.

 

Сіз қазақ пианистерінен кімді білесіз? 

🧐29 наурыз — өзін-өзі тану күні. Бұл — өмір бойы қалыптасатын үрдіс. Сондықтан үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Ежелгі Грецияда пайда болған «Өзіңді тану» ұраны бүгінгі күнге дейін өзекті болып келеді. Психологтар өзіңізді және отбасыңызды қамтамасыз ету үшін өзіңізді іздеу мен жұмысқа уақыт бөлу арасында баланс болуы қажет дейді. Осы сәтте адамның өмірі бос өтпейді. Яғни, материалдық және моральдық тұрғыдан құндылықтарын сақтай алады. 

Өзіңізді дамытуға арнайы уақыт бөлесіз бе?

💃Бүгін фантастика әуесқойлары — Халықаралық су перісі күнін атап өтеді. 2018 жылдың 29 наурызында құйрығы бар жұмбақ көк көзді қыз туралы америкалық «Сирен» сериалының тұсаукесері өтті. Әйел денесі мен аяғының орнына құйрығы бар тіршілік иелері дүниежүзі  халықтарының ауыз әдебиетінде ғана емес, сонымен қатар теңізшілердің, соның ішінде Колумб журналдарында да жиі кездеседі. Ал олардың мумиялары XX ғасырдың кейбір мұражайларына қойылды.  

Ғалымдар адам дамуының белгілі бір кезеңінде олардың ата-бабасы суда өмір сүрген деген нұсқаны алға тартады. Ал кейбіреуі әлі күнге дейін мұхиттардың астында өмір сүріп жатыр дейді. 

Сіздің ойыңызша, су перілері әлі де бар ма әлде ол жай ғана ертегі кейіпкері ме?

👥29 наурыз өмірге келген қазақтың атақты тұлғалары. Бүгін суретші — Ботагөз Ақанаева 52 жасқа толды. Оның жұмыстары Қастеев, Третьяков галереясы, Виллафамес заманауи өнер мұражайы (Испания), Монреаль муниципалдық мұражайы, Канада генерал-губернаторының мұражайы, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің жеке коллекцияларына қойылған. Суретшіде «Тоқыма, керамика өндірісін енгізу арқылы бедерлі кескіндемені дамыту» патенті бар. 

Сонымен қатар бүгін киноактер — Төлепберген Байсақалов 49 жасқа толды. Ол 2008 жылы Канн кинофестивалінде «Қызғалдақ» фильмінде сомдаған рөлі үшін «Ерекше көзқарас» номинациясы бойынша Гран-при иеленді. Актер «Рэкетир», «Шыршалар», «Тараз», т.б фильмдерімен де танымал.

 

Сізге Төлепберген Байсақалов түсірген қандай фильмдер ұнайды? 🎬