«Үйде жатпа» күнтізбесі. 29 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 29 Сәуір, 2023


💃 Бүгін ЮНЕСКО бастамасымен – Халықаралық би күні аталып өтеді. 1727 жылы 29 сәуірде заманауи балеттің негізін салушы Жан-Джордж Новер дүниеге келді. Аталмыш күн өнер иесінің құрметіне орай белгіленді. Әр халықтың өзіне тән ұлттық биі болады. Сондықтан мерекенің басты мақсаты – барлық стильді тұтас өнер түрі ретінде біріктіру. Би тілі сөзді қажет етпейді. Алайда ол барлық адамдарды саяси, әлеуметтік, мәдени және ұлттық шекаралардан тыс біріктіре алады.

 

Қазақтың қандай атақты билерін білесіңдер? 

🐱 Сәуір айының соңғы сенбісі – Дүниежүзілік ветеринария күні. Қай заманда болмасын адамдар үй жануарларын ерекше бағалаған. Сондықтан ветеринар мамандығы әрқашан жоғары құрметке ие. Тіпті бұған балалар фильмінің кейіпкерлері дәрігер – Айболит пен Дулитлге деген жанашырлық дәлел. Бүгінде Қазақстанда 15 мыңға жуық мал дәрігері жұмыс істейді. Алайда олардың саны әлі де тапшы.

Таныстарыңыздың арасында мал дәрігерлері бар болса, оларды кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!

👶 29 сәуір – Дүниежүзілік балалар тілегін орындау күні. Бұл мереке 4 жасар Крис Грейхустың ерекше тәжірибесінен басталады. Ол полицей болуды армандады. Алайда лейкозбен ауырған бүлдіршінді өлімнен құтқару мүмкін болмады. Мұны естіген Кристің ата-анасының жақын досы оған керемет кеш ұйымдастырып береді. Ол полиция қызметкері болып жұмыс істегендіктен, балаға арманы шындыққа ұласатынын дәлелдеді. Бала офицерлік форманы киіп, мотоциклге мінді. Тікұшақпен ұшып, тіпті полиция қызметкері деген құрметті атаққа ие болды. Кристің анасы осы қайғылы оқиғамен бөліскен уақытта, қамқор адамдар жаһандық қозғалысқа айналған Make-A-Wish қайырымдылық қорын құрды. Жыл сайын 45 000 жуық волонтер дүниежүзіндегі 30 000 науқас баланың тілегін орындап келеді. 

👥 29 сәуір атақты екі тұлғаның туған күні. 117 жыл бұрын қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушылардың бірі – Ахмет Жұбанов (1906-1968) дүниеге келді. Ол домбыраға, қобызға, сыбызғыға арналған музыкалық шығармаларды жазып, халық аспаптар оркестріне көптеген халық күйін өңдеді. Сонымен қатар қазақ халық музыкасының тарихына, халық әншілерінің, күйшілерінің, композиторларының өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми еңбектер мен зерттеулердің авторы. 

Бүгін америкалық актриса әрі модель – Ума Турман 53 жасқа толды. Ол Тарантиноның «Биллді өлтіру» және «Пульп фантастика» фильмдеріндегі рөлі арқылы танымал. Мансап жолында ол 50-ден астам фильмге түсті,

 

Сіздің қалаңызда Ахмет Жұбановтың есімімен аталған қандай орындар бар?