«Үйде жатпа» күнтізбесі.29 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 29 сентября, 2023


⭐️1992 жылы 29 қыркүйекте Алматыда 30 мемлекеттен қазақ диаспораларының өкілдері қатысқан Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өз жұмысын бастады. Бірінші Құрылтай әлеуметтік маңызы бар мақсаттарды шешті. Оның бірі шетелдік қазақтардың тарихи отанына қоныс аударуын қамтамасыз ету мәселесін дамыту әрі шешу мәселесі болды. Сондай-ақ бүгінде беделді ұйымға айналған, әлемнің 40-тан астам еліндегі қазақ этносының өкілдерімен байланыс орнатқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды. Құрылтайдың арқасында 32 елде қазақ мәдени орталықтары ашылды.

💫29 қыркүйекте Дүниежүзілік жүрек күні аталып өтеді. Жүрек ауруынан жыл сайын 18 миллионнан астам адам көз жұмады. Мұндай өлім саны үнемі артып отырады. Бұл күннің мақсаты — зиянды өмір салты, дұрыс тамақтанбау және нашар экология жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына әкелетіні туралы жұртшылықты хабардар ету. Өйткені олар көбінесе балалар мен жасөспірімдерде қалыптасады. Ал жасына қарай қауіп тек арта түседі.

Жүрегіңізді сақтаңыз! Деніңіз сау болсын!

🏹1650 жылы 29 қыркүйекте Лондонда әлемдегі алғашқы неке агенттігі ашылды. Тарихи құжаттарға сәйкес, отбасын құруға ниет білдірген алғашқы тұтынушылардың бірі келесі мазмұндағы хабарландыру берген: «Ханымның 300 гвинеясы болуы керек (қазір бұл 500 мың доллар). Оның пәк пе, жесір қалғаны немесе бұрынғы күйеуінен жүкті болғаны маңызды емес”. Бұл идея өзекті болды. 350 жылдан астам уақыт бойы миллиондаған жалғызбасты адам әлем бойынша неке агенттіктерінің тұтынушыларына айналды. Технологияның дамуына байланысты қазіргі таңда қыздар мен жігіттер әлеуметтік желілер мен қосымшалар арқылы әлемнің кез келген нүктесінен өз теңін таба алады.

Сіз бетпе-бет немесе интернет арқылы танысасыз ба?

💸1916 жылы 29 қыркүйекте Джон Рокфеллер (1839-1937) әлемдегі алғашқы миллиардер кәсіпкер атанды. Ағаш өңдеушінің ұлы 7 жасында күркетауық бағып, көршілеріне картоп сатып қосымша табыс табады. Ол тапқан ақшасын жинап, 13 жасында достарына пайызбен несие береді. 1870 жылы Standard Oil компаниясын құрды және оны зейнетке шыққанға дейін басқарды. Оның қайтыс болған кездегі байлығы 1,4 миллиард долларды құрады. Бүгінде инфляцияны ескерсек, бұл 423 миллиард долларды құрайды. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, Илон Масктың қазіргі таңдағы байлығы 234 миллиард доллар. Ол білім мен медицинаға қомақты қаржы бөлді. Сонымен қатар әрқашан салауатты өмір салтын ұстанып, алкоголь мен темекіден толық бас тартуға шақырды.