📨Қыркүйектің соңғы жексенбісі еңбек күні аталып өтеді. Мерекенің мақсаты — еңбекті дәріптеу, еңбек адамына құрмет көрсету және жастар арасында жұмысшы мамандығын әрі олардың жетістіктерін насихаттау. Еңбек күні мерекесіне орай жоғары нәтижелерге қол жеткізген және көпжылдық еңбек өтілі бар мамандарға “Еңбек Ардагері” құрмет медалі табысталады. Сонымен қатар бүгінде өндіріс орындарында жас мамандар арасында байқаулар, мерекелік концерттер және басқа да салтанатты іс-шаралар өткізіледі.
Өндірісте жұмыс істейтін барлық оқырманымызды осы айтулы күнмен құттықтаймыз!
🔍1992 жылы 29 қыркүйекте Алматыда 30 мемлекеттен қазақ диаспораларының өкілдері қатысқан Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өз жұмысын бастады. Бірінші Құрылтай әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешті. Оның бірі шетел қазақтарының тарихи отанына қоныс аударуын қамтамасыз ету мәселесін дамыту әрі шешу болды. Сондай-ақ Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды. Бүгінде беделді ұйым әлемнің 40-тан астам елінде қазақ этносының өкілдерімен байланыс орнатқан. Құрылтайдың арқасында 32 елде қазақ мәдени орталықтары ашылды.
❤️29 қыркүйекте Дүниежүзілік жүрек күні аталып өтеді. Жүрек ауруынан жыл сайын 18 миллионнан астам адам көз жұмады. Мұндай өлім саны үнемі артып отырады. Бұл күннің мақсаты — көпшілікті зиянды өмір салты, дұрыс тамақтанбау және нашар экология жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына әкелетіні туралы хабардар ету. Өйткені олар көбінесе балалар мен жасөспірімдерде қалыптасады. Ал жасына қарай қауіп те арта түседі.
Жүрегіңізді сақтаңыз! Деніңіз сау болсын!
👏1650 жылы 29 қыркүйекте Лондонда әлемдегі алғашқы неке агенттігі ашылды. Тарихи құжаттарға сәйкес, отбасын құруға ниет білдірген алғашқы тұтынушылардың бірі келесі мазмұндағы хабарландыру берген: «Ханымның 300 гвинеясы болуы керек (қазір бұл 500 мың доллар). Оның пәктігі, жесір қалғаны немесе бұрынғы күйеуінен жүкті болғаны маңызды емес”. Бұл идея өзекті болды. 350 жылдан астам уақыт бойы миллиондаған жалғызбасты адам әлем бойынша неке агенттіктерінің тұтынушыларына айналды. Технологияның дамуына байланысты қазіргі таңда қыздар мен жігіттер әлеуметтік желілер мен қосымшалар арқылы әлемнің кез келген нүктесінен өз теңін таба алады.
Сіз бетпе-бет немесе интернет арқылы танысасыз ба?
#күнтізбе #29қыркүйек #еңбек #жүрек