«Үйде жатпа» күнтізбесі. 29 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 29 декабря, 2024


🗣29 желтоқсанда музыка әуесқойлары халықаралық виолончель күнін атап өтеді. Бейресми мереке каталондық виолончелист, дирижер, композитор және қоғам қайраткері Пабло Казальстың (1876-1973) туған күніне орай таңдалды. Виолончель – орындау техникасы бай әрі мүмкіндіктері кең музыкалық аспап. Сондықтан ол жеке орындауда да, симфониялық оркестр мен ішекті ансамбль құрамында да кеңінен қолданылады. Бұл аспаптың қатысуы әсіресе трагизм немесе лиризмді ерекше көрсету қажет болғанда маңызды саналады. Аталмыш аспап қайғылы немесе лирикалық сәтті жеткізу мақсатында қолданылады. 

 

Егер таныстарыңыздың арасында виолончельде ойнайтын жан болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

 

💪29 желтоқсанда Жамбыл облысының Қордай ауданында Қазақстандағы алғашқы өнеркәсіптік күн электр станциясы пайдалануға берілді. Жеке инвестиция есебінен салынған “Отар” күн электр стансасы мемлекеттік электр желілеріне қосылған. Бірінші кезеңнің қуаты 200-ден астам үй шаруашылығының электр энергиясына деген қажеттілігін өтеуге жеткілікті болды. Бүгінде Қазақстанда 30-дан астам күн электр станциясы салынды. Айта кететін жайт, елімізде жел электр станциялары да белсенді түрде салына бастады.

 

Жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қалай қарайсыз?

👀2013 жылы 29 желтоқсанда Михаэль Шумахер шаңғы тебу кезінде құлап, миынан қатты зақым алады. Ол  тарихта ең үздік “Формула 1” жүргізушілерінің бірі. Мансаптық жолында бірнеше рет рекорд жасаған. Оның әлемге танымал болғаны соншалық, халық барлық жүйрік жүргізушілерді “Шумахер” деп атай бастады. 2021 жылы Михаэль Шумахер жайлы деректі фильм жарық көрді. Мұнда Шумахердің әйелі мен ұлы оның қозғала алмайтынын және басқалармен толық қарым-қатынас жасауға қабілетсіз екенін растады.

 

Сондықтан әрдайым сақ болып, қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

👥29 желтоқсан — қос тұлғаның туған күні. Бүгін британдық театр және кино актері Джуд Лоу 52 жасқа толды. Өнер иесі «Талантливый мистер Рипли», «Шерлок Холмс» және «Отпуск по обмену» фильмдерімен көпшілікке танымал болды. 2004 жылы People журналы оны “әлемдегі ең сымбатты” адам деп таныды. Сондай — ақ бүгін Оңтүстік Кореяның Twice қыздар тобының жапондық әншісі Минатозаки Сана 28 жасын атап өтеді. Сана K-POP жанкүйерлеріне сүйкімді келбетімен және тәтті дауысымен ұнайды. Әнші — көптеген трендтің авторы. Ол көпшлілік арасында талқыға түсіп, тіпті оны атақты адамдар да қайталады.

#күнтізбе #29желтоқсан