«Үйде жатпа» күнтізбесі. 29 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 29 Желтоқсан, 2022


☑️ Бүгін – Халықаралық виолончель күні аталып өтеді. Бұл бейресми мерекені виолончельшілер мен музыка сүйер қауым 29 желтоқсан тойлайды. Аталмыш күн Каталонияның танымал виолончельшісі, дирижер, композитор және қоғам қайраткері – Пабло Казальске арналған. Бүгін музыкалық аспапты ұнататын жандар сүйікті музыкантының жазбасын тыңдап, өзіне жаңа орындаушы тауып, концертке баруға тамаша мүмкіндік алады. Виолончельдің ауқымды орындау техникасы бар. Сондықтан ол жеке аспап ретінде де қолданылады. Сонымен бірге симфониялық оркестр мен ансамбльдің міндетті мүшесі болып келеді.

 

Егер таныстарыңыздың арасында виолончельде ойнайтын жан болса, мерекесімен құттықтап қоюды ұмытпаңыз!

☑️10 жыл бұрын Жамбыл облысында Қазақстандағы алғашқы өнеркәсіптік күн электр станциясы пайдалануға берілді. Жеке инвестиция есебінен салынған “Отар” күн электр стансасы мемлекеттік электр желілеріне қосылған. Бірінші кезеңнің қуаты 200-ден астам үй шаруашылығының электр энергиясына деген қажеттілігін өтеуге жеткілікті болды. Бүгінде Қазақстанда 30-дан астам күн электр станциясы салынды. Айта кететін жайт, елімізде жел электр станциялары да белсенді түрде салына бастады.

 

Жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қалай қарайсыз?

☑️ 2013 жылы 29 желтоқсанда Михаэль Шумахер шаңғы тебу кезінде құлап, миынан қатты зақым алады. Михаэль тарихтағы ең үздік “Формула 1” жүргізушілерінің бірі. Ол мансап жолында бірнеше рет рекорд жасаған. Оның әлемге танымал болғаны соншалық, халық барлық жүйрік жүргізушілерді «Шумахер» деп атай бастады. 2021 жылы Михаэль Шумахер жайлы деректі фильм жарық көрді. Мұнда Шумахердің әйелі мен ұлы оның қозғала алмайтынын және басқалармен толық қарым-қатынас жасауға қабілетсіз екенін растады.

Сондықтан әрдайым сақ болып, қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!📌 

☑️29 желтоқсан өмірге келген танымал тұлғалар. Бүгін британдық театр және кино актері – Джуд Лоу 50 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол «Талантливый мистер Рипли», «Шерлок Холмс» және «Отпуск по обмену» фильмдерінен кейін әлемге танымал болды. 2004 жылы People журналы оны ғаламшардың ең әдемі адамы деп атады. 

Сонымен қатар бүгін Оңтүстік Кореяның Twice қыздар тобындағы жапон әншісі – Минатозаки Сана 26 жасқа толды. Сана өзінің өте сүйкімді бейнесімен әрі K-POP жанкүйерлері ұнататын тәтті дауысымен танымалдылыққа ие болды. Жас әнші бірнеше трендтің авторы. Оның бұл билері кеңірек қанат жайып, көптің көңілінен шықты. Тіпті атақты адамдар оны қайталай бастады. 

Сізге Джуд Лоудың қай фильмі ұнайды?