«Үйде жатпа» күнтізбесі. 3 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 03 февраля, 2024


🤐 3 ақпан – Дүниежүзілік балағат сөздерге қарсы күрес күні. Өкінішке қарай, бүгінде қоғамда әдепсіз сөздерді қолдану үйреншікті жағдайға айналды. Тіпті үлкендермен қатар балалардың да балағат сөздерді айтатынын жиі естиміз. Шындығында, мұндай балағат сөздерді қолданатын жандардың сөздік қоры аз болып келеді. Сол себепті олар сөйлеу мәдениетін ысырып, дөрекі әдеппен жауап беруді жөн санайды. Өткен жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандар арнайы жазаға кесіледі. Нақтырақ айтсақ, 69 мың теңге айыппұл арқалап, 30 тәулікке қамауға алынады. 

Сіз балағат сөздермен күресудің жаңа шараларын енгізуді қолдайсыз ба?

🌸 Бүгін — Халықаралық нәзіктік күні. Осы ерекше мерекенің құрметіне орай әңгімелер мен өлеңдер жазылып, түрлі суреттер салынады. Сонымен қатар тәттілер дайындалып, іс-шаралар ұйымдастырылады. Нәзіктік әрдайым  мейірімділік пен жанқиярлық ерекше қуатты қатар алып жүреді. Сондықтан ол ғажайыптар жасай алады. Яғни,  психикалық қысымнан емдеп, сенімділік пен жақсылыққа деген үмітті қалыптастырады. Философтардың нәзіктікті ем және сый деп атайтыны бекер емес. Мұндай қарым-қатынас сүйікті адамыңызбен қатар балаларға, ата-аналарға, үй жануарларына, бір сөзбен айтқанда жалпы барлық тіршілік иесіне қажет.

Барша оқырманды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

🤩 2017 жылы 3 ақпанда Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу шахматшы аруы атанды. Сұлулық сайысы онлайн режимде өтті. Оған Польша, Әзірбайжан, Үндістан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан сияқты сегіз елдің шахматшылары қатысты. Жарыс кезінде Жансая 17 жаста еді. Ол Қазақстан чемпионы әрі 20 жасқа дейінгі Азияның ең үздік шахматшысы болды. 

Ал сіз қазақ қыздарының арасында кімді сұлу деп санайсыз?

🥳3 ақпан өмірге келген танымал әншілер. Бүгін қазақ эстрада әншісі, киноактриса және тележүргізуші Нағима Есқалиева 70 жас мерейтойын атап өтеді. Үлкен диапазондағы мәнерлі дауыстың иегері тек қазақ халық әндерін ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы шетелдік композиторлардың шығармаларын да орындап келеді. Ол Чехословакия, Моңғолия, Алжир, Куба, Германия және Дания елдерінде гастрольдік сапармен өнер көрсетті. «SuperStar KZ» және «X Factor»вокалдық телешоуларының қазылар алқасының мүшесі болды. 

Сондай-ақ бүгін украиндық әнші, актриса әрі тележүргізуші Вера Брежнева 42 жасқа толды. Ол «ВИА Гра» поп-тобының экс-мүшесі. 2022 жылы наурызда Ресейден Польшаға көшіп, украин босқындарына көмектесу үшін ерікті болды. БҰҰ-ның ЖИТС бойынша Ізгі ниет елшісі.  

 

Сізге Нағима Есқалиева мен Вера Брежневаның қай әндері ұнайды?