🙌3 қаңтар — Халықаралық жан мен тән саулығы күні. Адамның денсаулығы тән мен жанның ажырамас байланысына және жағымды эмоцияның дененің күйі мен оның қызметіне әсер етуіне негізделген. Сондықтан оптимистердің пессимистерге қарағанда иммунитеті жоғары болады. Сонымен қатар аз ауырып, ұзақ өмір сүреді. Гиппократ науқастардың әдеттері мен өмір салтын өзгерту арқылы кез келген аурудың алдын алуға болатынын айтып кеткен. Ал Децим Юний Ювенал “Mens sana in corpore sano” деп айтып өтті. Бұл латын тілінен аударғанда “Дені саудың — жаны сау” деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл тіркес салауатты өмір салтын насихаттауда жиі қолданылады.
🌕Бүгін Жер Күнге айтарлықтай жақындады. Яғни, оның диаметрі 3% — ға үлкен болады. Жер Күнді эллиптикалық орбитада орташа 29,765 км/с жылдамдықпен айналады. Ал толық шеңберді 365 күн, 6 сағат, 9 минут, 10 секундта аяқтайды. Біздің планета қаңтар айында күнге ең жақын орбита нүктесінен өтеді. Осы уақытта ғарыштық денелер арасындағы қашықтық қысқарып, 147 миллион км — ді құрайды. Жер шілде айының басында Күн орбитасының ең алыс нүктесіне жетеді. Бұл кезде олардың арасындағы қашықтық 152 миллион км-ден асады.
🍀Бүгін әлемде ерекше мерекелердің бірі коктейльге арналған түтік күні аталып өтеді. 1888 жылы 3 қаңтарда қағаз темекі шығаратын фабриканың иесі — Марвин Стоун коктейльге арналған түтік ойлап тапқаны үшін АҚШ-тан патент алады. Бірінші патенттелген түтік қарапайым қағаздан жасалған. Бірте-бірте дизайнерлер түтіктің материалдары мен сыртқы түрін жақсарта бастады. Нәтижесінде түтіктер әртүрлі түсті мазмұнда шыға бастады. Тіпті қараңғыда жарқырап тұратын, әшекейі бар түтіктер де пайда болды. Фабрика қызметкерлері оның пішініне де ерекше көңіл бөлді. Сөйтіп түтіктер сақина, жүрек және басқа да пішін түрінде шыға бастады.
Ал сіз коктейльге арналған сабан түтікті жиі қолданасыз ба?
👥3 қаңтар өмірге келген танымал адамдар. Бүгін австралиялық актер, кинорежиссер, сценарист және продюсер Мел Гибсон 68 жасқа толды. Өнер иесі “Оскар” және “Алтын глобус” сыйлықтарының иегері. Ол көпшілікке актер ретінде “Безумный Макс”, “Смертельное оружие”, “Патриот” рөлдерімен белгілі. Ал режиссер ретінде «Храброе сердце” және “Апокалипсис” фильмдерін атап өтуге болады. Сондай – ақ бүгін шведтің экологиялық белсендісі Грета Тунберг 20 жас мерейтойын атап өтеді. Ол өзінің ойын ашық жеткізу арқылы саясаткерлерді экологиялық проблемалардың шешімін тауып, тиісті шаралар атқармағаны үшін қатаң сынға алды. Осылайша Тунберг қоғам белсендісі ретінде көптеген марапат пен құрметке ие болды. Ал 2019 жылы Time журналы оны «Жыл адамы» деп атады.