☑️ Бүгін әлемде ерекше мерекелердің бірі — коктейльге арналған сабан күні аталып өтеді. 1888 жылы 3 қаңтарда қағаз темекі шығаратын фабриканың иесі — Марвин Стоун коктейльге арналған сабан ойлап тапқаны үшін АҚШ патентін алды. Бірінші патенттелген сабан қарапайым қағаздан жасалған. Бірте-бірте дизайнерлер сабанның материалдары мен сыртқы түрін жақсарта бастады. Нәтижесінде, түтіктер әртүрлі түсті мазмұнда шыға бастады. Тіпті қараңғыда жарқырап тұратын, әшекейі бар түтіктер де пайда болды. Фабрика қызметкерлері оның пішініне де ерекше көңіл бөлді. Сөйтіп сабандар сақина, жүрек және басқа да пішін түрінде шыға бастады.
Ал сіз коктейльге арналған сабан түтікті жиі қолданасыз ба?
☑️ 3 қаңтар тәтті құмар жандар — Халықаралық шоколодпен қапталған шие күнін тойлайды. Бұл мерекені кімнің ұсынғаны белгісіз. Алайда 1929 жылы Нью-Йорктегі Cella’s Confections фабрикасы алғаш рет шоколадпен қапталған шиені шығара бастады. Ал компанияны 1985 жылы сатып алды. Дәл осы Cella шоколадты шие әлі күнге дейін АҚШ-та сатылып келеді. Мұнда тәттілердің екі түрі шығарылады — қара және сүтті шоколад. Cella кәмпиттерінің салмасы сұйық, дегенмен бұл кәмпиттің басқа өндірушілері тығыз салмасы бар кәмпиттерді де ұсынады. Бүгін үй жағдайында шоколадпен қапталған шие дайындауға болады.
Сіздің сүйікті десертіңіз қандай?
☑️ Бүгін – бенгал оттары мен гирлянд шамдары күні.
Жарықтардың пайда болу тарихы ежелгі Үндістаннан басталады.
Яғни, 5-6 ғасырда Бенгалиядағы ғибадатханаларда діни рәсімдер кезінде ерекше жарық оты тұтанып, тез жанып кетті. Гирляндалар да ежелгі уақытта пайда болды және олар «Ертегі шамдары» деп аталды. Ағаштың бұтақтарына жанып тұрған балауыз шамдар бекітілды. Сондай-ақ өрт болған жағдайды да ескеріп, оның жанына су немесе құм салынған шелек қойылды. Аталмыш жағдай 1879 жылы Эдисонның электр шамын ойлап табуымен өзгерді. Ал 1882 жылы алғашқы заманауи гирляндалар пайда болды.
Түрлі-түсті шамдардың жарқырап тұруы — айналаға мерекелік аура мен жаңа жылдық көңіл күйді сезіндіреді.
Оқырмандарымызды тағы да Жаңа Жыл мерекесімен құттықтаймыз!
☑️3 қаңтар дүниеге келген танымал адамдар. 93 жыл бұрын айтыс ақыны — Көпбай Омаров (1929-1989) дүниеге келді. Белгілі өнер қайраткері Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. 40 жыл бойы Берен ауылының орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. Қазіргі таңда сабақ берген мектебі осы кісінің есімімен аталады. 1964 жылы Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары ақындарының айтысында 1 орын алды. 1989 жылы Өзбекстан мен Қазақстан ақындарының айтысына қатысты. Ол сондай-ақ ән айтып, күйлер шертті.
Сонымен қатар бүгін австралиялық актер, кинорежиссер, сценарист және продюсер — Мел Гибсон 67 жасқа толды. Ол екі мәрте “Оскар” сыйлығын және бір рет “Алтын глобус” марапатының иегері атанды. Актер ретінде ол «Безумный Макс», «Смертельное оружие», «Патриот» рөлдерімен танымал болды. Ал режиссер ретінде «Храброе сердце » және «Апокалипсис» фильмдерін атап өтуге болады.
Сізге Мел Гибсонның қай фильмі ұнайды?