💫Бүгін Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық күні аталып өтеді. 2009 жылы 3 қазанда Әзірбайжанның Нахичевани қаласында Түркі халықтары арасында жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Түркі кеңесі халықаралық ұйымы құрылды. Бүгінде түркі мемлекеттерінің ұйымына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Венгрия, Түркіменстан және Солтүстік Кипр бақылаушылар мәртебесіне ие. 2020 жылы Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Эмине Джеппар өздерінің бақылаушы болғысы келетінін жеткізді.
🌚3 қазан — Дүниежүзілік салауатты өмір салтын қалыптастыру күні. Жыл сайын әлемде алкогольді тұтынудың салдарынан 3 миллионнан астам адам қайтыс болады. Олардың 75% – ы ер адамдар. Бұл өлім-жітімнің төрттен бір бөлігі жазатайым оқиғалардың, төбелестің және өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінен болған жарақаттардан туындайды. БҰҰ деректері бойынша 2020 жылы Қазақстан алкоголь салдарынан өлім-жітім деңгейі жоғары елдер рейтингінде 10-орынға ие болды.
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз! Спортпен шұғылданыңыз! Біздің арнаны оқып, дұрыс өмір сүру салтын қалыптастырыңыз!
💡3 қазан — Дүниежүзілік саңырауқұлақ терушілер күні. Саңырауқұлақтар — өте қарапайым. Олар құрлықта және суда кездеседі, табиғи жағдайда және жылыжайларда да өседі. Күз жаңбырлы маусым болғандықтан, саңырауқұлақтар аталмыш мезгілде жылдам өсе бастайды. Оны адамдар өздері үшін, сату үшін немесе жай ғана көңіл көтеру үшін жинайды. Саңырауқұлақтар жеуге жарамды және улы болып келеді. Олардың арасында трюфельдер сияқты сирек кездесетін «ақсүйектері» де бар. Оны арнайы дайындалған шошқалар іздейді.
Сізге саңырауқұлақтың қандай түрі ұнайды?
👥3 қазан танымал екі қазақтың туған күні. 123 жыл бұрын ақын, әртіс, композитор Иса Байзақов (1900-1946) дүниеге келді. Ол қазақтың алғашқы кәсіби актерлерінің бірі. Жас кезінде Иса көптеген танымал ақындармен айтысып, жеңіске жетті. Содан кейін Әуезовтің алғашқы пьесаларында басты кейіпкердің рөлдерін ойнады. 40 халық әнінің мазмұнын жаңартты. Олардың көпшілігі операда қойылады. Өнер иесі қазақ фольклоры негізінде жасалған бірнеше эпикалық шығармалардың авторы. Сондай – ақ 82 жыл бұрын жазушы, аудармашы Бақытжан Момышұлы (1941-2012) дүниеге келді. Ол «Когда ты рядом», романының, «Восхождение к отцу» трилогиясының, «Сыновья великого волка”, “Сердце волка» және тағы басқа шығармалардың авторы. Оның прозасы болмыстың моральдық негіздерін, адам тағдырындағы рухани принциптерді іздеумен ерекшеленеді. Ол қазақ батыры Бауыржан Момышұлының үлгі тұтарлық лайықты ұлы болды.