🌚3 мамыр – Түркішілдік күні. Бұл түркі халқы басым көп аймақта тойланатын ынтымақтастық мерекесі. Аталмыш күннің идеясы – түркі халықтарының бірігуі, олардың этникалық, мәдени және тілдік қауымдастық негізінде саяси консолидациясы қажеттілігі. Бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Ал Венгрия мен Түркіменстан бақылаушы мәртебесіне ие.
🌞Бүгін дүниежүзілік “Күн” күні аталып өтеді. Бізге ең жақын жұлдыз — атмосфераның құрамын анықтауға және бүкіл жануар мен өсімдік әлеміне жарық пен жылу беретін, Жер үшін қуатты энергия көзі. Бұл күннің мақсаты – жаңартылатын көздерді пайдалануға назар аудару және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін көрсету. Бүгінде Қазақстан осы технологияларды дамытуға көңіл бөлуде. 2020 жылы еліміздің жалпы энергетикалық балансындағы жаңартылатын көзден алынатын электр энергиясының үлесі 3 пайызды құраса, 2050 жылға қарай оны 50 пайызға дейін жеткізу жоспарда бар.
Сіз аталмыш технологияны дамыту идеясын қолдайсыз ба?
🤩3 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнін атап өтеді. Демократияның негізі – адамның қоғам мүшесі ретіндегі басты құқықтарын негізге алатын баспасөз және пікір бостандығы. Әрбір азамат өмір сүріп жатқан қоғамның жағдайын білуге және кез келген ақпаратқа қол жеткізуге құқылы. 2023 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сөз бостандығы индексінде Уганда мен Шри-Ланка арасында орналасқан 180 елдің ішінде 134-ші орынға ие болды.
📞Бүгін “спамның” пайда болғанына 46 жыл толды. 1978 жылы 3 мамырда DEC өз тұтынушыларына жаңа шағын компьютерлері туралы 400-ге жуық спам хабарламасын жіберді. Қазір спаммен күресу мәселесі жаһандық сипатқа ие. Осы тұста арнайы зерттеу орталықтары мен спамға қарсы халықаралық альянстар бар. Спаммен күресу және оны қорғау үшін мыңдаған нұсқаулық әзірленді. Себебі кейде хабарламаларда қауіпті вирустық сілтемелер болады. Әлемдегі ең ірі спам өндірушілер – АҚШ, Оңтүстік Корея және Қытай.
Ал сіз спам хабарламаларға қалай жауап бересіз?