«Үйде жатпа» күнтізбесі. 3 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 03 мая, 2025


👀3 мамырда түркі халықтарының ынтымақтастығы күні аталып өтеді. Бұл – түркі жұрты көп шоғырланған өңірлерде тойланатын маңызды күн. Мерекенің басты мақсаты – түркі халықтарының этникалық, мәдени және тілдік тамыры ортақ екенін ескере отырып, оларды бірлікке, өзара қолдауға және саяси тұтастыққа шақыру. Бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше болса, Венгрия мен Түрікменстан бақылаушы елдер ретінде тіркелген. 

 

 

🌞Бүгін дүниежүзілік Күн күні аталып өтеді. Адамзатқа ең жақын жұлдыз – Күн Жер бетіндегі тіршілік атаулыға жарық пен жылу беретін қуат көзі. Бұл күннің мақсаты – жаңартылатын көздерді пайдалануға назар аудару және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін көрсету. Бүгінде Қазақстан осы технологияларды дамытуға көңіл бөлініп жатыр. Мәселен, 2020 жылы еліміздегі жаңартылатын энергия көздерінің жалпы энергетикалық балансқа қосқан үлесі 3 пайызды құрады. Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

 

Сіз аталған технологияны дамыту идеясын қолдайсыз ба?

 

 

📖3 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнін атап өтеді. Демократияның негізі – адамның қоғам мүшесі ретіндегі басты құқықтарын негізге алатын баспасөз және пікір бостандығы. Әрбір азамат өмір сүріп жатқан қоғамның жағдайын білуге ​​және кез келген ақпаратқа қол жеткізуге құқылы. 2023 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сөз бостандығы индексінде Уганда мен Шри-Ланка арасында орналасқан 180 елдің ішінде 134-ші орынға ие болды.

📤Бүгін “спамның” пайда болғанына 47 жыл толды. 1978 жылы 3 мамырда DEC өз тұтынушыларына жаңа шағын компьютерлері туралы 400-ге жуық спам хабарламасын жолдаған. Қазір спаммен күресу мәселесі жаһандық сипатқа ие. Осы тұста, арнайы зерттеу орталықтары мен спамға қарсы халықаралық альянстар бар. Спаммен күресу және оны қорғау үшін мыңдаған нұсқаулық әзірленді. Себебі кейде хабарламаларда қауіпті вирустық сілтемелер болады. Әлемдегі ең ірі спам өндірушілер – АҚШ, Оңтүстік Корея және Қытай.

 

Ал сіз спам хабарламаларға қалай жауап бересіз?