«Үйде жатпа» күнтізбесі. 3 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 03 Мамыр, 2023


🤝3 мамыр – Түркілік күні. Бұл түркі халықтары басым көп аймақта тойланатын ынтымақтастық мерекесі. Аталмыш күннің идеясы – түркі халықтарының бірігуі, олардың этникалық, мәдени және тілдік қауымдастық негізінде саяси консолидациясы қажеттілігі. Бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кірсе, Венгрия мен Түркіменстан бақылаушы мәртебесіне ие. 


🌞 Бүгін – Дүниежүзілік Күн күні аталып өтеді. Бізге ең жақын жұлдыз – атмосфераның қасиеттерін анықтайтын және бүкіл жануар мен өсімдік әлеміне жарық пен жылу беретін Жер үшін қуатты энергия көзі – күн екені белгілі. Бұл күннің мақсаты – жаңартылатын көздерді пайдалануға назар аудару және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін көрсету. Бүгінде Қазақстан осы технологияларды дамыту үстінде. 2020 жылы еліміздің жалпы энергетикалық балансындағы жаңартылатын көзден алынатын электр энергиясының үлесі 3 пайызды құраса, 2050 жылға қарай оны 50 пайызға жеткізу жоспарлануда.

 

Сіз аталмыш технологияны дамыту идеясын қолдайсыз ба?

 

📝 3 мамыр – Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнін атап өтеді. Демократияның негізі – адамның қоғам мүшесі ретіндегі басты құқықтарын негізге алатын баспасөз және пікір бостандығы. Әрбір азамат өмір сүріп жатқан қоғамның жағдайын білуге ​​және кез келген ақпаратқа қол жеткізуге құқылы. 2022 жылы Дүниежүзілік сөз бостандығы индексінде Қазақстан Бенин мен Танзания арасында орналасқан 180 елдің ішінде 122-орынға ие болды. 

 

🧑‍💻 Бүгін спамның пайда болғанына 45 жыл толды. 1978 жылы 3 мамырда DEC өз тұтынушыларына жаңа шағын компьютерлері туралы 400-ге жуық спам хабарламасын жіберді. Қазір спаммен күресу мәселесі жаһандық сипатқа ие. Осы тұста арнайы зерттеу орталықтары мен спамға қарсы халықаралық альянстар бар. Спаммен күресу және оны қорғау үшін мыңдаған нұсқаулықтар әзірленді. Себебі кейде хабарламаларда қауіпті вирустық сілтемелер болады. Әлемдегі ең ірі спам өндірушілер – АҚШ, Оңтүстік Корея және Қытай.

 

Ал сіз спам хабарламаларға қалай жауап бересіз? 

#күнтізбе #3мамыр #спам #БҰҰ #күнкүні