«Үйде жатпа» күнтізбесі. 3 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 03 Маусым, 2023


🚴‍♀️3 маусым Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық велосипед күні аталып өтеді. Велосипед экологияға зиян келтірмейді әрі физикалық жағынан адам денсаулығына пайдалы. Сол себепті оның танымалдығы жыл сайын артып келеді. Оны пайдалану өте қарапайым және бағасы да қолжетімді. Велосипедке патентті 19 ғасырдың басында неміс өнертапқышы Карл фон Дрес алды. Ал ХІХ ғасырдың соңында Францияда бірінші рет велосипед жарысы өтті.

 

Сізге велосипед әлде скутер тепкен ұнай ма? 

🦶Бүгін Дүниежүзілік туа пайда болған қисық аяқ күні аталып өтеді. 1914 жылы 3 маусымда американдық дәрігер Игнасио Понсети дүниеге келді. Оның ойлап тапқан әдісі аталмыш аяқ мәселесіне қатысты ауруды емдеуде танымал болды. Тірек-қозғалыс арасындағы ақау екінші орын алады. Орта есеппен өмірге келген мың баланың бесеуінде кездеседі. Есіңізде болсын, туа біткен немесе жүре пайда болған аяқтың қисықтығын жүйелі емдеу арқылы жеңуге болады. 

🪁Бүгін экстремал әуесқойлары парашют күнін атап өтеді. 1785 жылы 3 маусымда француздық Франсуа Бланшар әуеден секіруге арналған парашютты ойлап тапты. Бастапқыда оның өз өнертабысын сынап көруге батылы бармайды. Осылайша алдымен 300 метр биіктіктен итті парашютпен лақтырады. Нәтижесінде ит аман-есен қонады. 1797 жылы бірінші рет секірген адам – аэронавт Андре-Жак Гарнерин болды. Еске салайық, парашюттің эскизін Леонардо да Винчи 1483 жылы салған.

 

Сіз парашюттан секіргіңіз келе ме?

🫂3 маусым қазақтың екі тұлғасы дүниеге келді. 100 жыл бұрын «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінің авторы Әмен Хайдаров (1923-2015) дүниеге келді. Бұл жұмыс 1967 жылы 48 елде көрініс тапты. Сонымен қатар Нью-Йоркте өткен мультфильм фестивалінде беделді сыйлыққа ие болды. Оның «Ақсақ Құлан», «Қожа-Насыр – құрылысшы» және т.б. туындылары қазақ анимациясының тарихында елеулі құбылыс болды. 1976 жылы ол Алматыда Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің тұңғыш халықаралық мультипликаторлар симпозиумын өткізуге бастамашы болды. Сонымен бірге бүгін рэпер әрі музыкалық продюсер Скриптонит 33 жасын атап өтеді. Павлодар облысының тумасы Әділ Жәлелов 2013 жылы өзін көпшілікке таныта бастады. Содан бері ол 8 альбомын жарыққа шығарды. 2021 жылы ТМД арасындағы музыкалық нұсқа бойынша тыңдарманы көп әртіс атанды.

 

Алғашқы қазақ мультфильмін мына сілтеме бойынша көре аласыздар https://www.youtube.com/watch?v=ZkBfEFv34mo