«Үйде жатпа» күнтізбесі. 3 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 03 Маусым, 2022


☑️Бүгін әлемнің көптеген елдері велосипед күнін тойлайды. Салыстырмалы түрде жас мереке. БҰҰ Бас Ассамблеясы оны 2018 жылдың сәуірінде бекітті. БҰҰ қарарында «велосипедтің ұзақ тарихы және әмбебаптығы, қарапайымдылығы бар. Ол – арзан, сенімді, экологиялық таза және қолайлы көлік түрі болып табылады», – деп жазылған. Велосипед күні – дүниежүзілік мереке, оны көзқарастары мен ұстанымдарына қарамастан барлық адамдар атап өтеді. Велосипед өзара түсіністік пен бейбітшілік мәдениетін дамытуға үлес қосатын адамзат прогресінің символы. Сонымен қатар, велосипед «климатқа оң әсер ететін тұтыну символы» болып табылады. Жақында Дүниежүзілік велосипед күні салауатты өмір салтын насихаттаумен байланысты болды.

Сен қаншалықты жиі велосипедпен жүресің?

☑️99 жыл бұрын – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ анимациялық фильмдерін жасаушылардың бірі Әмен Хайдаров (1923-2015) дүниеге келді. Қазақтың тұңғыш мультфильмі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» (1967) – Әмен Хайдаровтың режиссерлік дебюті, ол әлемнің 48 елін аралады. Бұл таспа Ленинградта өткен ІІІ Бүкілодақтық кинофестивалінде марапатталып, 1975 жылы Нью-Йоркте өткен Халықаралық мультфильмдер фестивалінде қола праксиноскопты жеңіп алып, Уолт Диснейдің отанындағы анимацияның білгірлерін бағындырды. Оның кейінгі түсірген «Ақсақ құлан», «Құйрық», «Қожа-Насыр – құрылысшы», «Шуақты қоян», «Қырық аңыз» және тағы басқа анимациялық фильмдері де қазақ анимациясының тарихындағы айтулы құбылыс болды. Ол – 1976 жылы Алматыда әлемдік кинематография тарихында тұңғыш рет Азия, Африка және Латын Америкасы аниматорларының халықаралық симпозиумын өткізудің бастамашыларының бірі. Әмен Хайдаров Қазақстан Суретшілер одағын басқарды, Қазақстан Кинематографистер одағының хатшысы болды. 1993 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында анимация шеберханасын басқарды. 2007 жылы Әмен Хайдаровқа «Экран шебері» атағы берілді.

Қазақтың тұңғыш мультфильмін мына сілтемеден көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=ZkBfEFv34mo

☑️Осыдан сегіз жыл бұрын 3-ші маусымда Венгрияда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Көрнекті ойшылдың бюсті Венгрия астанасы Будапешттің Астана көшесінде орнатылған. Төс қоладан жасалған, биіктігі 1070 мм, ені 900 мм. Сондай-ақ Мәскеуде, Бейжіңде, Ташкентте, Нью-Делиде, Витебскіде, Тегеран мен Ыстамбұлда Абайға ескерткіштер орнатылса, Лондонда Абай үйі ашылды. Венгрия Түркі мемлекеттері ұйымындағы бақылаушы ел, ал Қазақстан оның тұрақты мүшесі.

Сіздің қалаңызда Абай ескерткіші бар ма?

☑️Бүгін парашюттің туған күні. 1785 жылы француз шаршысы Франсуа Бланшар Лондонда әуе шарынан секіру үшін өзі жасаған парашютті көрсетті. Бланшардың өзі өнертабысын сынап көруге батылы бармай, итті 300 м биіктіктен парашютпен лақтырып жіберді. Жануар аман-есен жерге қонды. Әуе шарынан парашютпен секірген алғашқы батыл – француз аэронавты Андре-Жак Гарнерин болды. Бұл оқиға 1797 жылы 22-ші қазанда орын алды. Парашюттің алғашқы эскизін 1483 жылы Леонардо да Винчи салған. Парашют грек тілінен аударғанда «para» – қарсы және французша «chute» – құлау дегенді білдіреді.

Парашютпен секіргің келе ме?